31 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының Астанада өтетін ЭКСПО-2017-ге дайындық жұмыстары қаралды. Көрме ісін алға жылжыту, еріктілер қызметі, қазақстандық компаниялардың қатысуы, көрме аяқталғаннан кейін көрме павильондарының орындарын пайдалану мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға көрменің өткізілуіне даярлық жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.