• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Сәуір, 2017

Ұлыбритания үшін ЭКСПО-2017 көрмесі – мүмкіндіктер алаңы

463 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның Сыртқы және Дос­тас­тық істері жөніндегі министрлігінде ашы­луы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көр­ме барысында, яғни алдағы 26 мау­сымға жоспарланған британдық па­ви­льонның ресми тұсаукесері өтті. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер ми­ни­стр­лігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рәсімге Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов, Біріккен Корольдіктің Сау­да және инвестициялар мемлекеттік ми­нистрі Грег Хэндс, Ұлыбританияның ЭКСПО-­2017 Ұлт­тық комиссары Чарльз Хендри, па­в­ильон­ның бас дизайнері Асиф Хан, сондай-ақ, британ үкі­метінің және парламентінің, іскерлік және са­рапшы топтарының өкілдері қатысты.

Ұлыбритания – өзінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын алғашқылардың қатарында растап, Ұлттық комиссарын тағайындаған және өз павильоны дизайнының тұсаукесерін өткізген ел­дердің бірі. Біріккен Корольдіктің бұл жаһан­дық форумға қатысуы оның Қазақстанмен ұзақ мерзімді серіктестік құруға және оны дамытуға бейілділігінің айғағы.

Е.Ыдырысов Қазақстанның мұндай ха­лық­аралық көрмені өткізетін Орта Азия­да­­ғы және ТМД-дағы тұңғыш мемлекет бо­ла­­тындығын атап өтті. Оның айтуынша, ЭКСПО-­2017 біздің еліміз үшін тарихтағы аса ма­ңыз­ды жаһандық форумдардың бірі болады.

Өз кезегінде Біріккен Корольдіктің Сауда және инвестициялар мемлекеттік министрі, Қазақстан-Ұлыбритания ҮАК тең төрағасы Г.Хэндс екі ел арасындағы қатынастардың жо­ға­ры деңгейде дамып келе жатқандығына баса на­зар аударып, іс-шараға қатысушыларды осы жыл­ғы 13-16 сәуірде Лондон алаңдарының бі­рінде өтетін Қазақстанның «Керуен-ЭКСПО-­­2017» роудшоуына қатысуға шақырды.

Сонымен бірге, Ұлыбританияның ЭКСПО-­2017 Ұлттық комиссары Ч.Хендри де бри­тан тарапы үшін бұл көрме Қазақстанмен жә­не көрмеге қатысушы өзге елдермен бизнес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ар­налған айрықша мүмкіндік екендігін тілге ти­ек етті.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі британдық па­вильон­ның тақырыбы – «Біз – энергиямыз». Бас дизайнер Асиф Ханның шешімі бойынша британдық павильон қазақ­тың киіз үйі пішіндес болатын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар