• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 17:42

«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді

120 рет
көрсетілді

Атырауда екі стадион бар. Оның бірі – «Мұнайшы» стадионында күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал «Судремонтник» стадионы Премьер-лига ойындарын өткізу талабына сәйкес емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау» футбол клубының директоры Қуандық Жақиялиевтың айтуынша, команда белгілі бір себеппен қарсыластарын жергілікті стадионда қабылдай алмайды.

«Премьер-лига ойындарын өткізу үшін стадионда 3 мың орын, жарық болуы қажет. Басқа да талаптар бар. Осыған байланысты «Мұнайшы» стадионында күрделі жөндеу жұмысын бастау көзделіп отыр. Ал «Судремонтник» стадионы жаттығу өткізетін орын ретінде салынған. Бұл стадион Премьер-лига ойындарын өткізу талабына сәйкес болмай тұр. Аталған стадионды да талапқа сйкестендіру үшін жұмыстары қолға алынады. Осыған орай «Атырау» клубының қарсылас командалармен алдағы екі-үш айдағы ойындарын Түркістан қаласында өткізуге шешім қабылданды», дейді Қуандық Жақиялиев.   

«Атырау» футбол клубынан бір мезетте 12 ойыншы кететін болды

Еске сала кетейік, «Атырау» футбол клубының сапы жаңа легионермен толықты. Енді Беларусь құрамасының ойыншысы Егор Хвалько жергілікті команданың намысын қорғайды.

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Соңғы жаңалықтар