Басқосуда Қазақстан елшісі Ерғали Бөлегенов Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің дамуы, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформалар, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.
Сондай-ақ, Е.Бөлегенов Ұлы Отан соғысы кезінде Волковыск қаласын жаудан азат ету кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақстандық Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановтың ерлігін ұмытпай қастерлеп жүргендері үшін Волковыск қаласының басшылығы мен тұрғындарына, сонымен бірге, жастарға үлкен алғысын білдірді.
Айта кетейік, Волковыск жанындағы бауырластар зиратында Қ.Нұржановқа арнап ескерткіш орнатылған және сол қаланың «Южный» шағынауданындағы көшелердің біріне батырдың есімі берілген. 1978 жылдан бері жыл сайын Отан қорғау күні қарсаңында Олимпиадалық резерв-
тегі №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Кеңес Одағының Батыры Қ.Нұржановтың Кубогына арналған жеңіл атлетикадан облыстық жарыстар өткізіліп тұрады. Бұл шараға Қазақстан елшілігі жыл сайын қатысып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ауыспалы Кубогты, бағалы сыйлықтар мен жүлделерді тапсырып отырады.