Қазақстандағы видеожарнама нарығы 2016 жылы 58 пайызға өсті, деп хабарлайды forbes.kz.
Қазақстандағы видеожарнама нарығы 2016 жылы 58 пайызға өсіп, 420 млн теңгені құрады.
Сарапшылардың пікірінше, 2015 жылы Қазақстандағы видеожарнаманың жалпы көлемі 266 млн теңгені құраған. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 72 пайызға өсіп, 726 млн теңгеге жетті.
Айта кетейік, қазір ғаламтордағы баннерлерге қарағанда, ондағы видеожарнамаға сұраныс жоғары.
«Видеожарнама – Қазақстанның медиа нарығындағы ең жылдам дамушы сегмент. Біз тіпті ең консервативті жарнама берушілердің де саны көбейгенін байқадық. Жарнама өнімдерінің дамуымен қатар, компаниялар да инвестициялауды арттырған», — дейді Қазақстан Vi Digital-дың бас директоры Виталий Савков.