Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кейбір Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Жарлыққа сәйкес лауазымдары және лауазымдарының санаттары өзгертілген мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етуді, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды тапсырды.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.