• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2017

Тиімді ұсынымдар тұжырымдалды

167 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде инсти­тут­тық реформалар шеңберінде мемлекеттік бақылау жүйесі еліміздің стратегия­лық даму мақсаттарын іске асырудың маңызды құралы тақырыбына арналған республикалық семинар өтті.

Аталған іс-шараға Прези­дент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Бас прокуратураның,  Рес­­публикалық бюджеттің ат­қа­рылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы, министрліктердің жауапты хатшылары, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстар әкімдіктерінің  аппарат басшылары қатысты.

Семинарда орталық және жергілікті мемлекеттік орган­дардың қызметінде бақылау практикасын жетілдіру, ба­қы­лау қызметін жүзеге асыру бойынша жаңа ұстанымдар енгізу және стратегиялық міндеттерді орындау сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Бұған қоса,  стратегиялық және бағдарламалық құжат­тарды − «Қазақстан-2050» стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Мем­ле­кет  басшысының  Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тиімділігін арттыру құралы ретінде жобалық ұстанымның тетіктері талқыланды.

Сондай-ақ, семинардың жұмысы барысында ресейлік әріптестермен тәжірибе алмасу болды. Семинарға Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі − Ресей Федерациясы Президентінің Бас бақылау басқармасының бастығы К.А.Чуйченко қатысты.

Семинардың қорытындысы бойынша елдің бағдарламалық құжаттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде практикалық ұсынымдар тұжырымдалды.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар