Қазақстандық дипломат грек саясаткерін қазақ-грек қатынастарының тарихы мен мемлекетіміздің жетістіктері жөнінде, сонымен қатар, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай жоспарланған саяси және мәдени іс-шаралар жоспарларымен хабардар етті. Сондай-ақ, елші Қазақстанда грек диаспорасы мен Грекияда көптеп тұратын бұрынғы отандастарымыздың бар екенін айта отырып, екі мемлекет арасында мәдени ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына тоқталды.
Тараптар 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қатысты пікір де алмасты. Жоспарланған іс-шаралар арасында еліміздің атақты пианисі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірованың Афинадағы жеке концертін, Грекияда қазақ кино туындыларын көрсету мен көркемөнер көрмелерін өткізу бар. Өз тарапынан министр Қазақстанмен мәдениет саласында мазмұнды байланыстар орнатудың маңыздылығын атап, көзделген іс-шараларға барынша қолғабыс көрсетуге әзір екенін жеткізді.