• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Сәуір, 2017

Салмағы сан қырлы мәселелер

140 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың наурыз айында сенатор Влади­мир Ред­кок­ашин Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаме­ди­ұлына депутаттық сауал жолдап, астаналық цирк қызметкерлерінің білімдері төмен, олардың көбінде орта арнаулы ғана білім бар, ал жоғары білімді мамандар мүлде аз екенін айтып, осы салада тіпті ғылыми-зерттеу жұмыс­тары мүл­де қолға алынбағанын жет­кі­зіп, ми­нистр­ден аталған мәсе­ле­лерге назар аударуды сұраған және Қазақ Ұлттық өнер университетінің база­сын­да цирк мамандарын даяр­лай­тын факультет ашуды ұсын­ған.

Сол сауалға жуырда ми­нистр­ден жауап келді. Онда Қазақ­стан­дағы цирк өнерінің дамып келе жат­қа­ны­на биыл 47 жыл бола­тын­ды­ғын айта келіп, оның маман­да­рын Ж.Еле­беков атындағы рес­­пуб­­ликалық эстрадалық цирк кол­­­леджі да­йындап жатқанын ай­тып­ты. Өзі­нің 50 жылдық өмірін­де бұл оқу орны 360 маман да­йын­­дап шығарған екен. Ал 2009 жыл­дан бас­тап Т.Жүргенов атын­дағы Қа­зақ Ұлттық өнер ака­де­мия­сы «Цирк режиссурасы» д­еген ма­ман­­дық бойынша жоғары бі­лім­ді мамандар дайын­дауды қол­ға алып­­ты. Осы жағы болмаса, цирк өне­ріне жоғары білімді болу­дың тіп­т­і, мін­детті де емес екенін депу­тат­­қа жауап астарлап берілген сияқты.  

Сенатор Әли Бектаевтың жер­­гілікті полиция қызметіндегі ол­қылықтарға назар аударып, Премьер-Министрге жолданған сауалы «Егеменде» жарияланған. Жуырда сол сауалға жауап келіп, онда былай делініпті: «Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мүдделі мемлекеттік органдар ЖПҚ жұ­мы­сына тұрақты түрде мони­торинг жүргізу­де және қызметтің қалыптасуына қарай еліміздің өңірлерінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оның функциялары мен өкілеттіктерін одан әрі же­тіл­діру жөнінде шаралар қабыл­данады.

Үкіметтің 2017 жылғы бірін­ші жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарында ЖПҚ жұмы­сын ұйымдастыруды жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнін­дегі іс-шаралар көзделген».

Сондай-ақ, сенатор Мұрат Бақ­тияр­ұлының аң мен құстарды ату­ға шектеу шараларының қарас­ты­­рылу тиімділігі төмен екенді­гі ай­ты­лып, дабыл көтерген сауа­лы да жа­рия­ланған еді. Оған Пре­мьер-Ми­нистрден мынадай жауа­п келді: «Үкі­меттің жауабы мүд­де­лі мем­­лекеттік органдармен қа­­ра­­лып, пысықталғаннан кейін ұсынылады.

Парламент Мәжілісінде қа­ралып жатқан «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­малық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» Қа­зақ­стан Республикасы Заңы жо­ба­сының шеңберінде аң­шы­­лық ­шаруашылығы субъек­ті­лері­нің жабайы жануар­­лар­ды ерiксiз және жарты­лай ерiктi жағдайларда өсiруін ын­та­­ландыруға бағытталған нор­малар қарастырылғанын хабар­лаймын».

Соңғы жаңалықтар