• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 07 Сәуір, 2017

​Абылайхан Құсайынов қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді

167 рет
көрсетілді

Жеңіл салмақтағы Абылайхан Құсайынов мексикалық Кристиан Арразоламен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңді.

Канаданың Монреаль қаласында өткен кеште қос боксшы алғаш болып шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек алты раундқа есептелген. 

Айқас бастала салысымен отандасымыз шабуылға ұмтылып, мексикалықты қыспаққа алумен болды. Бірінші раундта-ақ қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірді. Екінші раундта осы көрсеткішін қайталады. Абылайханның кезекті соққыларынан кейін Кристиан төртінші рет нокдаун алып, орнын көтеріле алмай қалды.

25 жастағы Құсайынов осымен алтыншы жекпе-жегін өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның бесеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Кәсіпқой бокста дебютін 2015 жылы Қытайда өткізсе, қалғаны Канадада ұйымдастырылды. Ал 30 жастағы Арразола 13 жекпе-жегінде есе жіберіп отыр. Сондай-ақ, 23 рет жеңіске жетіп (16 нокаут), екеуінде тең түскен.

Айта кетейік, Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық Батыр Жүкембаев мексикалық Космен Ривераны жеңіп, IBO International белбеуінің иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар