• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2017

Кәсіподақтар медиацияның маңыздылығын арттырмақ

110 рет
көрсетілді

Астана қаласында Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы жанындағы әлеуметтік медиация жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Айта кеткен жөн, аталған кеңес ең алдымен еңбек дауларын шешумен айналысады. Ал жиынның басты мақсаты адамның еркін дамуы мен оның лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларын шешу үшін диалог алаңын құру болып отыр.

Басқосуға Мәжіліс депутаттары, танымал саясаттанушылар, азаматтық сектор өкілдері, әлеу­меттік желілерді белсенді пайда­ланушылар қатысты. Шараны ұйым­дастырушылардың айтуынша, Кә­сіп­одақтар федерациясы орталықта және жергілікті жерлерде азаматтық сектор, әлеуметтік же­лілер, қоғамдық пікірдің белсенді көшбасшыларын тарту арқылы «медиаторлар пулын» құрып, әлеу­меттік медиация жұмыстарының ма­ңыздылығын арттыруды жоспарлауда.

Жиынды ашып, сөз сөйлеген федерация төрағасы Әбілғазы Құсайынов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында адами капиталды дамыту негізгі басымдықтардың бірі ретінде атағандығын еске салып өтті. «Бұл процесте әлеуметтік медиация тетіктерін  енгізу қадамдары  маңызды рөл атқарады. Менің ойымша, аталған мәселені қоғам арасында салмағы бар, өз ойын ашық айта алатын азаматтармен келісе отырып шешкен оңтайлы болады», деді ол.  

Шараға қатысушылар елдегі адами капиталды дамыту мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бағытында бір­қатар нақты шараларды ұсынды.

Жаңа құрылған кеңестің басшы­лы­ғына белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров сайланды.

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар