• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2017

Жұмысшы жастардың жарысы

155 рет
көрсетілді

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы аясында Өскеменде жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы WorldSkills аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Аймақтың түкпір-түкпірінен 85 студент пен колледж түлектері бағын сынаған сайыс­ты облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова да тамашалап, биыл өңірде екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шара жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге бағытталғанын атап өтті.

«Бүгінде жұмысшы ма­ман­дығының мәртебесін кө­теруге Үкімет тарапы­нан ерекше қолдау көрсетіліп отыр. Өйткені, Елбасымыз ай­­тып өткендей, елді индус­трия­ландыруға байланысты жұ­мысшы мамандықтарының маңызы арта түседі. Ел эко­номикасының негізі білік­ті мамандардан, өз ісінің ше­берлерінен құралады», – де­ді облыс әкімінің орынбасары.

Биылғы аймақтық чем­пионатқа қатысушылар «Ме­ха­троника», «Электр­мон­таждау жұмыстары», «Же­лі­лік жә­не жүйелік әкім­ші­лік», «Дә­­некерлеу тех­нология­сы», «Кірпіш қа­лау», «Құр­­ғақ құ­­рылыс және сы­лақ жұ­мыс­­тары», «Мейрамха­на­лық сервис», «Аспаздық ісі», «Шаш­­­­­тараз өнері», «Сан­дық бағдарламалық бас­қа­ру ста­ноктарындағы то­карь­­лық жұмыстар», «Ин­же­нер­лік графика» CAD (ав­то­мат­тандырылған жобалау жүйесі) мамандықтары бо-йын­ша шеберліктерін ортаға салды.

Шара со­ңында 1,2,3-орын­­д­арды иеленген 33 жүл­­де­герді облыстық бі­лім бас­­қармасының басшысы Ай­жан Садықова сер­тифи­каттармен марапаттап, би­ыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесіне жол­дама мен бағалы сый­лық­тарды табыс етті. Әр са­лада топ жарған 11 же­ңім­паз әуелі елордада өте­тін республикалық кезеңде бақтарын сынайды. Бұл сын­нан сүрінбей өткендер Абу-Даби қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғайтын болады.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Суретті түсірген

Ғылымбек СӘБИТОВ

Соңғы жаңалықтар