ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттаху Ас-Сисиге Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жеделхатта Мемлекет басшысының Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіден қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады.
Естеріңізге сала кетсек, 9 сәуірде Мысырда төрт жарылыс болды.