7 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.
Отырыста айыппұл түрiндегi қылмыстық жазаны қолдану саласындағы заңнаманы жетiлдiру туралы мәселе қарастырылды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдары уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысы мен құқық қолдану қызметі барысында ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Мемлекеттік құқық бөлімі