Өткен сенбіде, яғни 8 сәуір күні Глубокое ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесін аралаған кезде аймақ басшысы Даниал Ахметовке қала тұрғындары сөредегі ет бағасының мың құбылатынын айтып, мұңдарын шаққан болатын. Мәселен, сиыр етінің бағасы 1300 теңгеден сатылады деп көрсетілгенімен, шын мәнінде 1500 теңгеден саудаланған.
«Халықтың шағымы орынды болып шықты. Барлық жәрмеңкелерде Өскеменнің алыпсатарлары өздерінің еттерін саудалаған. Бұған жол берген шенеуніктердің барлығы жазаланатын болады. Сөреге жалған баға қойған Глубокое ауданының әкімі мен оның орынбасарына, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Жәрмеңкені алыпсатарлардан тазарту үшін жергілікті полицияға тапсырма берілді», – деді өңір басшысы облыс әкімдігінің кеңейтілген жиынында.
Азамат Қасым,
"Егемен Қазақстан"
ӨСКЕМЕН