• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 13 Сәуір, 2017

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі

250 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар!

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласында қо­ғам­дық сананы жаңғыртудың нақты ба­ғыттарын сипаттап берді.

2017 жыл – Қазақстанның эко­но­­микалық өсуінің жаңа үлгісін жа­­сап, біздің жаһандық бәсекеге қабі­лет­ті­лі­гі­мізді қамтамасыз ете­тін үшінші жаң­ғы­руды іске асыру қолға алынған жаңа дәу­ірдің басы болды.

Жаңа конституциялық реформа ау­қымды саяси жаңғырудың негізін қа­лап, үшінші жаңғыруды іске асы­руға ар­налған қоғамдық-саяси ал­ғы­шарт­тар­ды қалып­тас­ты­рды.

Қоғамдық сананы жаңғырту жө­нін­дегі Мемлекет басшысының идея­сы − бүгінгі таңда өте қажетті жә­не орын­ды идея.

Біз саяси ұлтты қалыптастыру жо­­лын­дамыз. Әлемде алдыңғы қа­тардан та­былу үшін біздің әр­қайсымыз және бар­шамыз бірігіп өзіміздің санамызды, ой-өрісімізді өзгертіп, ескірген тап­тау­рын­дардан арылуымыз керек.

«Қазақстан-2050» Стратегия­сын­да Қазақстан Президенті «Дәс­түр мен мә­де­ниет – ұлттың ге­не­тикалық коды» деп көрсеткен. Жа­ңа тұғырнамада жаң­ғы­рудың бас­ты шарты − өз мәдениетіңді, өзің­нің ұлттық кодыңды сақтау екені ере­к­ше көрсетілген. Қоғамның ру­хани жаң­ғыруы озық дәстүрлер мен ұлттық-мә­дени негіздерге ар­қа сүйеуі керек.

Бұрынғы инновациялар бүгін дәс­түр­ге айналды, бүгінгі инновациялар ер­тең дәстүрге айнала­ды. Мұндай ұс­таным халқы­мыз­дың өткенін, қазір­гі күні мен бо­ла­ша­ғын жалғауға, ұлт­тық сананың әралуан полюстерін жақын­да­туға мүм­кіндік береді.

Елбасы қоғамды да, сондай-ақ әрбір аза­матты да жаңғыртудың бір­қатар не­гіз­гі бағыттарынан ерек­ше бөліп көр­се­тіп отыр.

Біріншіден, бұл – бәсекеге қа­бі­­лет­­т­ілік, компьютерлік сау­ат­ты­лық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық си­яқ­ты факторларға не­гізделген тың жаңалықтарды әлем­ге ұсыну қабілеті.

Екін­шіден, бұл – прагматизм. Ол бір­қатар әдеттер мен тап­­тау­рын­дық­тар­дан бас тарту­ды да, сонымен бірге ұлт­тың пра­г-

матикалық мінез-құлқы мен ұтым­ды ойлауын, ата-бабалар дағ­ды­ларының тарихи тәжірибесін де қа­м­­тиды.

Үшіншіден, ұлттық бірегей­лік­ті сақ­тау, ұлттық сана өзгерген кез­де ұлттық «Мен»-нің ішкі мәй­егін сақтау.

Бүгінде, барлық жағымсыз нәр­­­се­лер­ге дәстүр мен салт-са­на­­ны қарсы қою­ға болады. Со­ны­­мен бірге, біз ұлт­тың дамуы­на ке­дергі келтіретін өт­кеннің сар­қын­шақтарынан арылуымыз керек.

Төртіншіден, білім салтанаты – ұлт­тың жетістігі. Алдағы тех­но­­ло­гия­лық революция қазіргі же­келеген кә­сіптердің жойыл-

уына алып келген кезде, білім − қол жет­кізер табыстың ең іргелі фак­то­ры болмақ.

Бесіншіден, тек қана эво­лю­ция­лық даму біздің өркендеуімізге жол ашады, бұл − жаңғыру иде­о­ло­гиясының қа­ғидаты және Қазақстан­ның әрбір аза­ма­тының іш­кі сенімі.

Алтыншыдан, сананың ашық­ты­ғы, ау­малы-төкпелі заманда қо­ғамның және әрбір адамның өз­геріске дайын болуы.

Бұл көзқарастар қоғамдық сана­ның жаң­ғыруы үшін іргелі негіз болады.

Мемлекет басшысы алдағы жыл­дар­ға арналған бірқатар нақты жобаларды айқындады.

Алдымен, бұл − қазақ тілін жаһан­дық ақпарат және байланыс әлеміне жол ашатын латын әліпбиіне көшіру.

Әлемдік ғылым мен тех­но­ло­­гия­лар­дың, гуманитарлық бі­лім­нің соңғы же­тіс­­тіктерін қам­титын 100 жаңа оқулық мем­лекеттік тіл­ге аударылып, басып шы­ға­рылады.

«Туған жер» бағдарламасы кә­сіп­кер­лердің, шенеуніктердің, зия­лы қау­ым өкілдері мен жас­тардың өз­де­рі­нің кін­дік қаны там­ған жеріне қам­қор­лық жасап, қол­дау көрсетуіне, пат­ри­отизмді қалыптастыруға қолайлы мүм­кіндік береді.

«Қазақстанның киелі жер­ле­рінің гео­графиясы» жобасы жал­пыұлттық қа­сиетті орындарды және аса қастерлі жер­лерді сақ­тау­ға, сондай-ақ елдегі ту­рис­тік инфрақұрылымды дамытуға мүм­кіндік береді.

«Жаһандағы заманауи қа­зақ­­­стан­ дық мә­­дениет» жобасын іске асы­ру Қазақ­стан­­ды өз шы­ғар­ма­шылығы арқылы дү­ние жү­зіне танытатын көптеген та­лант­­тарға жол ашады.

«Қазақстандағы 100 жа­ңа есім» жо­ба­сы бүгінгі заман­дас­та­­ры­мыз­дың түрлі са­лалардағы ж­е­­тіс­тіктерін дә­ріптеуді қам­та­ма­сыз етеді және жас­тарды адам­гер­шілікке тәр­бие­леудің жарқын үл­гісі болады.

Бұл тапсырмалар мемлекеттің және аза­маттық қоғамның барлық идео­ло­гия­лық жұмысының орта мерзімді пер­с­пек­тивадағы негізі болады.

Елбасының «жаңғыруға де­ген ішкі ұм­­тылыс – біздің дамуы­мыз­дың ең бас­ты қағидасы» деген те­зи­сі бүгінгі таңда өте өзекті.

Сананы жаңғырту біздің мақ­сат­та­­рымыздың бірлігін, құн­ды­лық­та­ры­мыз­дың ортақтығын жә­не қо­ғамдық ке­лісімнің қуатын айшық­тай­ды.

Жаңа идеологиялық тұғыр­на­ма кон­с­титуциялық реформа­ны, үшінші жаң­ғырудың эко­но­ми­калық өркендеуін тол­ықтыра тү­седі және Қазақстанның ХХІ ға­сырдағы табысты дамуының діл­дік қозғаушы күші болып табы­лады.

Қоғамдық сананың өзгеруі сы­наптай сырғыған уақытта, жа­­ңа сын-қатерлер заманында Қазақ­станның дамуының негізі бо­­латын тұрақтылықты, бірлікті, та­тулықты нығайтуға мүмкіндік бе­реді.

Біз, қазақстандықтарды жауап­кер­ші­лікті мойынға алып, жаңа идео­ло­гия­лық «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» тұ­ғы­рнамасын іске асыруға бел­сене қа­ты­суға ша­қырамыз!

Біз, халқымыздың шығар­ма­шы­лық әлеу­еті әрдайым асқан биік ұлт­тық рух­тың, жеңіс рухының, кемелдікке, әлем­дік өркениеттен лайықты орын алуға ұм­тылудың жарқын көрінісі болатыны­на се­ні­мдіміз!

Алға, Қазақстан!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі, Астана қаласы, 2017 жылғы 12 сәуір