• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет 13 Сәуір, 2017

Рухани жаңғыру – ұлт негізі!

421 рет
көрсетілді

Қазақстан жазушыларының Үндеуі

Ел ретінде іргесі бекіп, әлемдік мой­ын­далудың биігіне көтеріл­ген Қазақ Елі өз дамуының жаңа  кезеңі­не өткені – тарихи ақиқат.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басындағы халық­қа Жол­дауында ел тарихының жа­ңа дәуірі бас­талғанын айта келіп, Қазақстанның үшін­ші жаңғыруын жариялаған болатын.

«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» – Қазақстан жұрт­шы­лы­ғына ұсынып отырған Қазақстан Пре­зи­де­нтінің жаңа дәуір кеңіс­ті­гіндегі ел тағ­дырын анықтап, мем­­лекетіміздің дамуын тануға, бағыт-бағ­дарын белгілеуге жаңа кеңістік ашар үшінші жаңғыру дәуірінің іргелі тарихи құ­жаты екеніне көзіміз жете түсті.

Айтулы тарихи құжат негізінен жа­һан­дану жағдайында ұлттық мемлекет құ­рудың сыры мен сипатын жан-жақты талдай отырып, ХХІ ғасырдағы ұлттық са­наны сақтау мен өрістетудің нақты жол­дарын ұсынады.

Елбасы арғы-бергі дәуірлер тәжі­ри­бе­сі мен мемлекет құру үлгілерін са­ралай отырып, жаны, жүрегі, ойлау кеңістігі әлемдік бәсекелестік жағ­дайында өмір сү­руге мейлінше бей­ім ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеу қа­жеттілігіне айрықша тоқталған. «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дү­ние­­та­нымымызға әбден сіңіп қалған тап­­­таурын қағидалардан арыл­ма­­сақ, көш басындағы елдермен т­е­­реземізді те­ңеп, иық түйістіру мүм­­­кін емес. Өз­геру үшін өзімізді мық­тап қолға алып, заман ағымына икем­делу арқылы жа­ңа дәуірдің жа­ғым­ды жақтарын бой­ға сі­ңіруіміз ке­рек», – деген Елбасы ұс­та­ны­мы осы айтқанымыздың айғағы.

­Біздер, қаламгерлер қауымы ел ертеңін анық­тай­тын ұлт өмірінің басты бағ­дары – рухани жаң­ғыру деген Ел­ба­сы ұстанымын толығымен қол­дай­мыз! Өйткені, бүгінгі Қазақстан – оң-солын таразылай отырып, еліктеу мен солықтау­ға бой алдырудың қаншама қа­тер­лі екенін толық сезінген әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айт­қанда, «ХХ ғасырдағы батыстық жаң­ғы­ру үлгісінің бүгінгі заманының болмы­сы­на сай келмеуінің сырын» жан дү­ние­сімен ұғынған жаңа тұрпатты ел. Біз – өз әлеуетіміз бен өз ақыл-ой­ымыз­ға, өз қа­білетімізге сенуді өмірімізге серік еткен жаңа сипатты Тәуелсіз Қазақстанды ор­нық­ты­ру­шы­лармыз.

Қоғамның жаратылысы мен таби­ға­тын «ұлттың рухани кодын» сақтай оты­рып дамытуға, уақыт талабына сай бағыттауға жұмылдыру – біртұтас ұлт­ты қалыптастырудың үлгісі екені кү­мәнсіз. Елбасы ұсынып отырған сан са­лалы, сан сипатты даму мен өрістеудің жол­дары мен  міндеттері осынау Ұлы Да­ла төсіндегі жаңа тұрпатты Қазақ елі­нің бүгінгі баянын бекітіп, ертеңгі бо­ла­ша­ғын анықтауға жол ашары анық. Ұлт­тық сананы дамудың жаңа сатысына кө­те­ріп, өркендеудің жаңа  кеңістігіне алып шығар бәсекелік қабілет пен праг­матизм ұлттық бірегейлікті сақтау мен білімнің салтанат құруын, елдің эволюциялық дамуы мен  сананың ашық­тығын  қам­тамасыз етер таяу жыл­да­рдың ел Президенті белгілеген ал­ты мін­деті – тамырын тереңнен тартар, өз ер­теңін өзі өрнектер Ұлы Дала мем­ле­ке­тін мәңгілікке бағыттары күмәнсіз.

Қазақ елінің кешегісін бүгінге, б­үгінін болашаққа жалғауды мұрат етер рухани жаңғыру хақындағы Елбасы ұс­танымы, сөз жоқ, ұлт көсегесін кө­гер­ту мен ұрпақ санасын тәрбиелеудің өрісті, өркенді жолы.

Қазақстан Жазушылар 

одағы Басқармасының секретариаты