Мақалада Елбасы ең басты мақсат «әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» екендігін атап өтіп, әр қазақстандықты өз саласы бойынша нақты жұмыс жасауға шақырады.
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелікке қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген Президент, біз өмір сүріп жатқан заманда компьютерлік сауаттылықтың, көп тіл білудің маңыздылығына тоқталады. Ең бастысы, рухани жаңғыру үшін «Ұлттық салт-
дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бо-
йымызда мәңгі қалуға тиіс», дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мақалада сондай-ақ басты мақсатқа жету үшін Қазақстанға білімді ұрпақ қажеттігін, елімізде «білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі» екендігін айтады Президент. Елбасы рухани жаңғыруды жүзеге асыруға жол ашатын бірнеше жобаны ұсынады. Оның ішінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», мәдени қазыналарды әлем
жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру мәселелері бар.
Руслан Токтахунов,
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры