• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 13 Сәуір, 2017

Табыс кілті – білімде

540 рет
көрсетілді

​Қ.Қожамияров атындағы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кеттік ака­де­мия­лық ұйғыр му­зы­калық комедия теа­трының ұжы­мы елі­міздің Пре­зи­денті Нұрсұлтан На­зарбаев­тың рес­­пуб­ликалық «Еге­мен Қазақстан» га­зетінде жарық көр­ген «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақаласын зор қызығу­шы­лық­пен оқып шық­ты. Ол бізді үл­кен әсерге бө­леді.

Мақалада Ел­басы ең бас­ты мақсат «әлем­дегі ең да­мыған 30 елдің қата­ры­на қо­сылу үшін біздің санамыз ісі­мізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» екендігін атап өтіп, әр қа­­­зақстандықты өз саласы бо­й­­ын­ша нақты жұмыс жасауға ш­а­­­қырады.

«Болашақта ұлттың табысты бо­луы оның таби­ғи байлығымен емес, адам­дарының бәсекелікке қа­бі­летімен айқындалады. Сон­­дық­тан, әрбір қазақ­стан­­дық, сол ар­қылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лай­ықты қасиеттерге ие болуы керек» деген Президент, біз өмір сүріп жатқан заманда ком­пьютерлік сауат­тылықтың, көп тіл білу­дің маңыздылығына тоқ­та­лады. Ең бастысы, руха­ни жаңғыру үшін «Ұлттық са­лт-

дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиеті­міз, жо­­ра­лғыларымыз, бір сөзбен айт­қан­да ұлттық ру­хы­мыз бо-

йымызда мәңгі қалуға тиіс», дей­ді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақалада сон­дай-ақ басты мақ­сат­­қа же­ту үшін Қазақстанға бі­лім­ді ұрпақ қа­жет­­тігін, елімізде  «бі­лім әрд­айым бірінші орында тұруы шарт», «Өзім­дікі ғана таң­сық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, бас­қа­лар­дың ең озық жетістіктерін қа­былдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің бас­ты көрсеткіштерінің бірі»  екен­дігін айтады Прези­дент. Ел­басы рухани жаң­ғыруды жү­зеге асыруға жол ашатын бір­неше жобаны ұсынады. Оның ішінде қазақ тілін бір­тін­деп латын әліпбиіне кө­ші­ру, «Жаңа гуманитарлық бі­лім. Қазақ тіліндегі 100 жа­ңа оқулық», «Туған жер», «Қазақ­стан­ның қасиетті ру­ха­­­ни құндылықтары», мә­де­ни қа­зыналарды әлем

жұ­рт­шы­лы­ғы­­на таныс­тырудың мүлдем жа­ңа тәсілдерін ойластыру мә­се­­лелері бар.

Руслан Токтахунов,

Қ.Қожамияров атындағы республикалық  мемлекеттік академиялық  ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры

Соңғы жаңалықтар