• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 10:53

Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?

30 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көмір саласының қазіргі жағдайы мен даму жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Министр елімізің көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті. Қазақстан көмір кенінің қомақты қорына ие және әлемде 10-шы орында тұр, бұл өндірудің қазіргі көлемімен алғанда 300 жылдан астам уақытқа жетеді.

«Ірі көмір кен орындары Орталық Қазақстанның екі негізгі аймағында орналасқан. Олар – Қарағанды көмір бассейні мен Торғай көмір бассейніндегі Шұбаркөл және Жалын кен орындары. Солтүстік-шығыс аймақта Екібастұз көмір бассейні, Майкүбі көмір бассейні, Қаражыра кен орны бар. Еліміздегі көмір қорының көлемі – 33,6 млрд тонна», деді Ерлан Ақкенженов.

Еліміз көмір өндіруден он ірі елдің қатарына кіреді

Ерлан Ақкенженов қазір көмір саласына жаңа инвестициялар тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын да жеткізді. Жұмыс бағдарламаларына сәйкес 2025 жылы көмір өнеркәсібіндегі келісімшарттарға салынған инвестициялар көлемі 305 млрд теңгені құрады, ал 2026 жылы салаға тартылған инвестиция шамамен 553,5 млрд теңге болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ көмір өнеркәсібінде 32 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Сектордың тұрақты дамуы барысында жұмыс орындарының саны өсе түспек.

«Министрлік көмір саласындағы геологиялық барлауды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Биыл жыл соңына дейін шамамен 10 учаске бойынша көмір кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы аукцион өткізу жоспарланып отыр», деді Ерлан Ақкенженов.

Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған

Соңғы жаңалықтар