• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 12:38

Қазақстанның халықаралық резервтерде қанша алтыны бар?

30 рет
көрсетілді

Ұлттық банк Ұлттық қор көлемі мен монетарлық алтын мөлшері туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл сәуір айында Қазақстанның халықаралық резервтердегі монетарлық алтын көлемі наурызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсіп, 52,7 млрд долларға жетті. Бұған дейін наурыз айында көрсеткіш 10,5% төмендеген еді.

Жыл басынан бері алтын қоры 11,5%-ға артты, ал өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 1,7 есеге көбейді (30,7 млрд доллардан).

Жалпы халықаралық резервтерде наурыздағы 9%-дық қысқарудан кейін 1,5%-ға өсіп, 67,8 млрд доллар болды.

Алтын бағасы рекорд жаңартты: Қазақстандағы ахуал қандай?

Еркін айырбасталатын валютадағы активтер 15,1 млрд долларға жетіп, бір ай ішінде 0,5%-ға өсті. Алайда жыл басынан бері бұл көрсеткіш 17%-ға төмендеген.

Таза сыртқы активтер де азая берді, бірақ төмендеу қарқыны баяулаған. Егер наурызда төмендеу 10,4% болса, сәуірде 0,8% болды. Олардың көлемі − 61,33 трлн теңгені құрады.

Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр

Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 3,9%, ал жыл басынан бері 1,5%-ға өсіп, 62,8 млрд долларға немесе 30 трлн теңгеге жетті. Еске салсақ, наурызда бұл көрсеткіштер тиісінше 4,86% және 2,34%-ға қысқарған болатын.

Сонымен қатар, Ұлттық қор қаражатының жалпы көлемі 0,4%-ға азайып, 36,38 трлн теңге болды.

Еске салайық, былтыр қараша айында еліміздегі алтын қорының көлемі 98 тоннаға артқан болатын.

Соңғы жаңалықтар