• RUB:
    6.14
  • USD:
    480.72
  • EUR:
    548.07
Басты сайтқа өту
Ғылым Бүгін, 20:42

Байқоңырда «Союз МС-29» экипажы скафандрларын тексеріп көрді

Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш стансасына ұшатын «Союз МС-29» басқарылатын ғарыш кемесі экипажының ұшырылым алдындағы соңғы дайындық кезеңі басталды. Кемені ұшыру 14 шілдеге жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz

Дайындық аясында «Роскосмос» ғарышкерлері мен NASA астронавтары скафандрларын киіп көріп, олардың герметикалық жағынан қалай екендігі бақылап көрді. Сондай-ақ экипаж ғарыш кемесінің жабдықтарын қарап, кабинадағы іс-қимыл алгоритмдерін тексеріп алды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналады

Бұдан бөлек, экипаж мүшелері ұшу бағдарламасын, борттық құжаттаманы және орбитаға жеткізілетін жүктердің орналасу сызбасын зерделеді.

Бұл шаралар «Союз МС-29» кемесін Халықаралық ғарыш стансасына ұшыру алдындағы қорытынды дайындық бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» перспективті зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды

Еске салайық, бұған дейін Байқоңырға «Союз МС-29» кемесінің негізгі және қосалқы экипаждары келген болатын.

Соңғы жаңалықтар