• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2017

Рухани құндылықтар насихатталды

200 рет
көрсетілді

Алматыдағы Оқушылар сарайында «Білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Қазақстанның әр аймағынан жиналған 800-ге жуық мұғалімге білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік берген бұл жоба «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен іске асып отыр. Үш күнге созылған семинар «Бөбектің» 20 жылдық мерейтойы аясында атқарылатын шаралардың бірі екенін айта кеткен жөн.   

Рухани-адамгершілік білім беру идеясын тарату мен педа­гог­тардың кәсіби-тұлғалық дамуына көмек көрсетуді мақсат еткен үш күндік семинар «Тәрбиесіз бе­ріл­ген білім – адамзаттың қас жауы» деген әл-Фарабидің сө­зін еске түсіреді. Үш күн бойы жал­пы­­адамзаттық құндылықтарға не­гізделген білім беру мектебінің не­гізін қалаушы, таиландтық пе­дагог ғалым, доктор Арт Онг Джумсаи дәріс оқыды. Ға­лымның көпшілік назарына ұсынған жалпыадамзаттық құн­дылықтарды біртұтас білім бе­ру үдерісіне интеграциялау тә­жірибесі бүгінгі таңда әлем бой­ынша қызығушылық тудырып отыр. Көршілес елдердің ға­лым­дары мен педагогтары «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-әдіс­те­ме­лік кешенді әзірлеушілер «Өр­леу» БАҰО АҚ-ның рухани-адам­гершілік білім беру бойын­ша тренерлері, «Бөбек» орта­лы­ғының біліктілікті арттыру ку­р­с­тарының тыңдаушылары Қазақ­станның түрлі өңірлеріндегі мек­тепке дейінгі мекемелердің, мек­тептердің, колледждер мен жо­ғары оқу орындарының мұ­ға­лімдері мен басшыла­ры, «Бө­бек» орталығының қыз­мет­кер­л­е­рі аталған мәселе бойынша дә­ріс тыңдап, білімін арттыруға мүм­кіндік алды.

Қала әкімінің орынбаса­ры Арман Қырықбаев Сара На­­зар­­­баева­ның отандық бі­лім бе­ру жүй­есіне «Өзін-өзі та­ну» бағ­дар­ламасын енгізу бой­ынша қос­қан зор үлесін атап өтті. Со­ны­мен қатар, қолға түсе бер­мей­тін доктор Джумсаидің шебер­ха­насымен танысу мүм­кін­дігі екі­нің біріне бұйыра бер­мейтіні де айтылды.

Шараға жеткіншектер мен жас­өспірімдерге арналған көп­теген білімдік және шығар­ма­шы­лық жобаларды іске асырып отыр­ған «Жандану әлемі» қо­ры­­ның негізін қалаушы Әлия Назар­­баева, атқарушы директоры Қай­рат Исаханов бастаған құр­ме­тті қонақтармен қатар, Ресей, Әзер­бай­жан және Қырғызстан елде­рі­нің өкілдері де қатысты.

Семинардың ашылуы мен ж­а­бы­лу салтанатында «Өзін өзі тану» гим­назиясының оқушылары мен колледж студенттері, «бөбектік» бүл­діршіндер ұсынған концерттік бағ­дарлама да бейбітшілік пен адам­ға деген махаббат арқылы адам­дардың бірігуі идеясына құ­рылған.

Алмас НҮСІП,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар