• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2017

Қарағанды аумағында 47 автожолды су басты

170 рет
көрсетілді

Бүгінде Қарағанды аумағында облыстық, республикалық маңызы бар 47 автомобиль жолдарын су басты. «Қарағанды-Қарқаралы» жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылып отыр. Қазіргі кезде Қарағанды облысына қарасты жеті елді мекенде тұрғын үйлер мен аулалар су астында қалды.

Кешелі бері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Самарқан су қоймасының қатты нөпірі Чкалово ауылында 49 үйді, 70 ауланы шайып өтіп, 137 адам мен 466 бас мал қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Төтенше жағдай Қарқаралы және Абай ауданының жекелеген елді мекендерінде де болды. Аталған аудандардың әкімдері жергілікті көлемде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі кезде Қарағанды облысына қарасты жеті елді мекенде тұрғын үйлер мен аула аумақтар су астында қалды. Сарытөбе, Чкалово, Садовое, Андрейниковка, Қызылжар, Красная Поляна, Қарамұрын, Чкалово және Садовое ауылдарында 49 және 42 баспананы су басқан. Чкаловодан 137, Садовое ауылынан 308 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Одан бөлек, Қарағайлы және Қайрақты, Тұзды ауылдық округының 1 май бөлімшесінде де жағдай мәз емес. Шопа ауылында Шерубай-Нұра өзені арнасынан асып, жолдарды шайып кеткен.

Бүгінде Қарағанды аумағында облыстық, республикалық маңызы бар 47 автомобиль жолдарын су басты. «Қарағанды-Қарқаралы» жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылып отыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, авариялық-құтқару жұмыстарына бүгінгі таңда 2288 адам, 709 техника тартылған. Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Осакаров ауданындағы жағдай бақылауға алынды.

Қарағанды облысында су тасқыны басталғалы 1850 адам мен 5338 мал басы қауіпсіз жерге көшірілген.

Мәселеге орай, аймақ басшысы Ерлан Қошанов су тасқыны кезіндегі ең қауіпті орындарды аралады. Әкім су қоймаларынан су ағызуды реттеу және олардың деңгейін сақтау бойынша тапсырма берді.

«Күннің күрт жылынуына байланысты Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы өте күрделі. Үлкен су ағыны сақталуда. Негізгі Нұра мен Шерубай-Нұра өзендері тасуда. Бүгін-ертең өзендердегі су деңгейі төмендейді деп күтілуде. Екі күннен кейін су тасқыны басылады. Келер аптада эвакуацияланған адамдар үйлеріне қайтады деп ойлаймын, – дейді облыс әкімінің орынбасары Андрей Ляпунов.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан» 

Қарағанды облысы 

                           

Соңғы жаңалықтар