Мұндай ауыс-түйіс ведомстволарды кезекті қайта құрғаннан кейін болды. Естеріңізге сала кетсек, Үкіметтің 2017 жылдың 17 ақпанындағы қаулысымен Денсаулық қорғау комитетін Тұтынушылар құқын қорғау комитетінен шығару туралы шешім қабылданған болатын. Ал тұтынушылар құқын қорғау проблемалары қайтадан Табиғи монополиялар және бәсекені қорғауды реттеу комитетіне қарайтын болды. Үкіметтің осы құжатымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігіне қараған Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетін Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетіне беруді де шешілді.
Фармация комитетінің облыстық департаменті жетекшісінің орны әзірге бос тұр.
Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазақстан»