• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2017

Атырау облысында терроризмнің алдын алуға бағытталған шаралар басталды

296 рет
көрсетілді

Атырау облысында терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған ауқымды шаралар басталды. Осы мақсатта құрылған арнайы топ жұмысын Жылыой ауданына бастады.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің қатысуымен актив жиналысы өтіп, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, терроризмнің алдын алу бағыттары бойынша мәселелер қозғалды. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты, мемлекеттік бағдарламалар туралы да мәліметтер берілді. Бес бағытқа бөлінген жұмыс жоспары бойынша арнайы топ ауданды үш күн бойы аралайды. 

- Өткен жылы терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шара елімізде, Ақтөбе облысында ұйымдастырылып, өз нәтижесін берді. Биыл да осы мақсатта ауылдарды аралап, халықпен кездесеміз. Ел ішінде қандай түйткілді мәселелер бар, соны анықтаймыз. Топ құрамында ардагерлер, әр түрлі саланың мамандары мен депутаттар бар, - дейді Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан». 

АТЫРАУ. 

Соңғы жаңалықтар