• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2017

Канададағы концерт

154 рет
көрсетілді

Қазақстанның Канададағы елшілігі Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай Канаданың Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ресми қабылдау өткізіп, онда Қазақстан Республикасының халық әртісі Айман Мұсақожаева концерт берді.

Шараға Канаданың Үкіметі мен Парламентінің жоғары лауазымды тұлғалары, Сыртқы істер министрлігі мен басқа да министрліктер мен ве­домстволардың басшылығы, іскер топ­тар өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, журналистер, Оттавада аккредиттелген дипломатиялық өкіл­дік­тердің басшылары, сонымен қатар қа­зақстандық диаспораның өкілдері қа­тысты.

Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов жиналғандарға А.Мұсақожаеваны таныстыра отырып, 25 жыл ішінде Қазақстан мен Канада арасында жақсы қарым-қа­ты­нас қалыптасқанын және ел­ші­лік мерейтойлық күнге арналған іс-шараларды жыл бойы өткізетінін атап өтті.

А.Мұсақожаева Сара Аса­ба­ева­мен (рояль) бірге И.Брамс, П.Чай­ков­­ский, М.Фалья, Т.Витали жә­не т.б. композиторлардың әлемдік кла­с­си­калық туындыларын орында­ды. Әр­бір музыкалық шығарма Стра­ди­варидің сиқырлы үніне бой ал­дырған көрерменнің ыстық ықы­ла­сына ие болды. 

Көрнекті қазақстандық әртіс А.Мұсақожаеваның концерті оның ар­тынан өткен ресми қабылдауда жә­­не әлеуметтік желілерде өте жо­ға­ры­ ба­ғаланды, деп хабарлады Қазақ­стан Рес­публикасы Сыртқы іс­тер ми­ни­стр­лігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар