• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2017

Бейжіңмен байланыс артады

150 рет
көрсетілді

Астана әкімі Әсет Исекешев Бейжіңге жұмыс сапары шеңберінде Қытай астанасының мэрі Цай Цимен кездесті, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында екі бау­ырлас қаланың ын­ты­мақ­­тастық перспективалары, соның ішінде Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық ма­мандандырылған көрмесі ке­зінде Бейжің күндерін өт­кізу жа­йы талқыланды.

Ә.Исекешев Қытайдың Қазақстандағы туризмінің жы­лы шеңберінде іскерлік жә­не мәдени байланыс­тар­ды кеңейтуде туристік са­ланың әлеуеті зор екенін атап көр­сетті және Бейжің ту­ри­с­те­рін ЭКСПО-2017 көр­ме­сі­не шақырды.

ҚХР Халықаралық сау­даны қолдау жөніндегі ко­ми­тетінің ақпаратына сәйкес, ЭКСПО-2017 шеңберінде 300 000-ға жуық турист Қазақстанға сапарлап келуді жоспарлап отыр. 2017 жылғы 16-18 мау­сым­нан бастап Бейжіңнің Астанадағы күндерінен бастап үш ай ішінде Қытайдың 22 про­ви­нциясының делегация­лары өз экспозицияларын ұсы­нып, өз­дерінің іскерлік әлеу­еті мен мәдениетін таныс­тыр­мақ.

Ә.Исекешев пен Цай Ци, сондай-ақ  елордада Қазақстан-Қытай жо­ба­ла­ры­ның бірі болып табы­ла­тын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысын іске асыру жайын талқылады. Бұдан басқа, әкім Астана мен Бейжің арасында көлік басқару саласында тұрақты әріптестікті және тәжірибе алмасуды жолға қоюға мүд­делілік танытты.

Сондай-ақ, қалалар басшылары экономика саласында ынтымақтастықты арттыру бойынша бірқатар бағытты белгіледі. Сонымен қатар, Ә.Исекешев Бейжіңнің көлік жүйе­сін басқару орталығында бо­лып, Қытай астанасында ірі шараларды өткізу кезінде көлік жұмысын ұйымдастыру жайымен танысты.

Сапары шеңберінде Ас­тана әкімі, сондай-ақ, кө­лік, құрылыс, индустриялық пар­ктерді, «смарт»-тех­но­ло­гияларды дамыту, спорт ны­сандарын басқару сала­ла­­рындағы Қытайдың же­те­к­­ші компанияларының өкілд­ерімен кездесті. Бұған қо­са, Ә.Исекешев ШЫҰ Хат­шы­лы­ғында болып, ұй­ым­ның Бас хатшысы Рашид Али­мов­пен Астананың аталған бір­лес­тікпен ынтымақтастық мә­се­лелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар