• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2017

Атырау – инвесторлар үшін тартымды аймақ

284 рет
көрсетілді

«ATYRAU INVEST-2017» форумында 3 млрд доллардың меморандумына қол қойылды.

Атырау облысында өткен жылы сыртқы тауар айналымы 13 млрд АҚШ долларына жетті. Өнеркәсіптік өндіріс 4,4 трлн теңгеге бағаланды. Инвестиция тартуда мұнайлы өңір көш бас­тап келеді. Жалпы, өңірлік өнім мен орташа еңбекақы мөлшері бойынша да облыс алдыңғы қатарда. «ATYRAU INVEST-2017» халықаралық форумында қазыналы мекеннің бүгінге дейін қол жеткізген табыстары мен жетістіктері көп­ші­л­ік назарына ұсынылды. Шара ая­сында облыс әкімдігі 3,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 9 ме­морандумға қол қойды. Бұл – әлеуметтің әлеуетін көтеріп, ел экономикасын дамытуға ба­ғыт­тал­ған тағы бір қадам.

– «ATYRAU INVEST-2017» ха­лық­ара­лық форумының мақ­саты – облыс­тың инвес­ти­­циялық мүмкіндігімен таны­с­ты­ру, ин­вестицияларды облыс эко­номикасына және нақты ин­вес­тицияларға тарту, − дей­ді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев. – 20 мемлекеттің өкілі, жүз­ден астам ком­панияның бас­шы­­лары мен қыз­мет­керлері кел­ді. Орталық және жер­гі­лік­­ті мемлекеттік мекемелер, ұлт­­тық компаниялар мен даму ин­с­титуттарының, еліміздегі дип­ломатиялық өкілдіктердің өкіл­де­рі және шетелдік, отандық ин­весторлар да шараға куә бол­ды. Көрмеге қатысушылар өз өнім­дері мен көрсететін қыз­мет­­терін көпшілікке ұсынды. Бұл жаңа жоба бастауға ниетті аты­раулық кәсіпкерлер үшін де жақсы мүмкіндік. Ал инвест­ор­лар  мұнай-газ саласында, эко­номиканы әртараптандыру ба­ғытында жүзеге асып жатқан ша­ралардан хабардар болды.

Атырау облысындағы ин­вес­тициялық ахуалдың тұ­рақ­­­ты­лығы ірі компаниялар та­­рапынан қызығушылыққа ие. Олар қаражат салып, қай­та­­рымын көруге ынта­лы. Осы инвест­и­циялық форумда мұ­най-химия паркінің аясында жүзеге асы­рылатын 620 млн теңгенің жобасын ат­қаруға меморандумға қол қойылды. Жергілікті жерде агрессивті ортадағы металды тот баспау технологиясы бойынша жұмыстар қолға алынып жатыр. Облыс әкімінің айтуынша, ин­вес­­торлар тек мұнай-газ саласы ғана емес, өнім өндіру, ауыл ша­­руашылығы бағыттарына да қы­зығушылық танытқан. Шетел­дік және отандық инвес­тор­лар­дың басқосуы өзара тиім­ді ке­ліс­імдерге жол ашады, бір­лес­кен кәсіпорын құруға мүм­кін­дік береді. Қазір облыста осын­дай мыңнан астам компания табыс­ты еңбек етіп жатыр.  

Форумға қатысқан «Қаз­Энер­джи» қау­ым­­дастығы төра­ға­сының орынбасары Ұзақбай Қарабалин озық технологиялар мен инновациялар арқылы ғана биіктен көрінеміз деген ойын айтты. Ал Германияның Қазақстандағы кон­сулы Йорн Розенберг «Биыл екі ел ар­асындағы дипломатиялық қарым-қаты­нас­тың орнағанына 25 жыл. Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы бас­ты эко­­номикалық әріптес саналады. Көмір­сутегі шикізатына бай Атырау об­лы­сының да орны бөлек. Жергілікті бас­шылықтың қолдауымен іскерлік байла­ныстар орнатуға ыңғайлы орталық қа­лып­тасқанына қуанамыз», деді. Бельгия Корольдігінің Қазақстан­да­ғы төтенше және өкілетті ел­шісі Мишель Петерманс екі ел арасындағы байланыстың жыл­дан-жылға нығайып келе жат­қа­нын атап айтты.

16-шы Солтүстік-Каспий құ­рылыс және интерьер көрмесіне арнайы кел­гендердің қатарында Түркияның «КыванчГруп» ком­па­­­ниясы да бар. Бұған дейін Ақтау қаласына өнімдерін ұсы­нып келе жатқан кәсіпорын енді Атырауда бөлімшесін ашуға ниетті. «1980 жылы негізі қала­н­ған шағын бизнес бүгінде үл­кен компаниялар тобына ай­на­лды, − дейді «КыванчГруптың» Азия ел­деріндегі сату бойынша менеджері Сер­кан Йылдырым. – Біздің киімдеріміз өте ың­ғайлы, сәнді. Тігін индустриясында өзіндік орны бар кәсіпорын өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр».

Жалпы, Атырау облысында индус­трия­ландыру бағдарламасы аясында өт­кен жылы 7 жоба жүзеге асты. «Биыл тө­рт жобаның жұмысы басталады. Олар: роботты дәнекерлеу тәсілі ар­қы­­­лы метал­құрастырмалар дайындау өн­­­ді­рі­сі, фармацевтика зауыты, балық өсі­р­етін то­ған шаруашылығы, макарон өн­­діру  цехы. Бұдан бөлек құны 14 трлн тең­­ге болатын, 20 мыңнан астам жұмыс орнына есептелген 20 инвестициялық жо­­ба жүзеге асырылады. Теңіз кенішін ке­ңейту жобасы шеңберінде атқарылар жұ­мыстардың нәтижесінде мұнай өн­ді­рісінің көлемін 27-ден 39 млн тоннаға ұл­­ғайтуға жол ашылады»,  деп атап өтті об­лыс әкімі Н.Ноғаев.

Өткен жылдың қорытынды көр­­сет­кіштеріне зер салсақ, об­лыстағы ша­ғын және орта бизнес­пен айналыса­тын тұрғ­ын­дар саны 7,9 пайызға артып, 128,7 мың адамды құраған. Бұл өңір­де экономикалық белсенді ха­лықтың 41 пайызы осы салаға жұ­мылдырылғанын көрсетеді. Ал халықаралық инвестициялық форум сынды шаралар ел игілігіне елеулі үлес қосатынымен ерекше.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар