• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:28

Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары көрсеткішке жетіп, 75,97 жасты құрады. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары нәтиже, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1991 жылдан бергі демографиялық деректер ел тұрғындарының өмір сапасы мен денсаулық көрсеткіштерінде айтарлықтай оң өзгерістер бар екенін көрсетеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында орташа өмір сүру ұзақтығы 67,6 жас болса, 2001 жылы – 65,6 жас, 2011 жылы – 68,98 жас, ал 2021 жылы – 70,23 жас болған. Осылайша, соңғы үш жарым онжылдықта бұл көрсеткіш 8 жылдан астам уақытқа өскен.

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты

Мамандардың айтуынша, өмір сүру ұзақтығының артуына инфекциялық емес аурулармен күрес бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың ықпалы зор. 2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде осындай аурулардан болатын өлім-жітімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл – ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасындағы маңызды көрсеткіштердің бірі.

Жалпы, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өлім-жітімді азайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар өз нәтижесін беріп отыр.

Қазақстанда медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары бекітілді

Үкіметтің жоспарынша, 2029 жылға дейін денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасы аясында күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар