• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2017

Еліміздің кей өңірінде жел күшейеді

782 рет
көрсетілді

​Бүгін республикамыздың батысында, солтүстік-батысында және солтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің кей өңірлерінде найзағай, тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман басып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстарында, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.