Судың деңгей соңғы 23 жылдағы көрсеткіштен асып тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"2017 жылдың 25 сәуірінде сағат 09:00-ден бері Былғары зауыты ықшамауданында қорғаныс бөгетін көтеру мен оны нығайту бойынша инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бөгеттің биіктігі - 1,5 метр, енді оның биіктігін 2,5 метрге дейін көтеру жоспарланып отыр. Инженерлік жұмыстарды жүргізуге 14 дана техника мен 24 адам жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасып жатыр", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
"Соңғы тәуліктерде Есіл өзеніндегі су деңгейі көтерілді. 3 күнде су деңгейі 1 метр 70 сантиметрден асты", - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. Сондай-ақ, ол судың Былғары зауыты аумағына дейін әлі де барып жатқанын айтты. Оның айтуынша, бүгін су деңгейі 50 сантиметрге дейін көтеріледі деп болжанып отыр.