• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2017

Дарын даралығы

980 рет
көрсетілді

Шот-Аман Уәлиханов – Қазақстан мен одан тысқары мемлекеттерге танымал сәулетші, қоғам қайраткері, көптеген ғылыми-танымдық еңбектердің авторы, халыққа сыйлы азамат. Оның төл туындысы – егемен еліміздің Елтаңбасы Қазақстанды әлемге танытып келеді! Осындай сөзге шешен, ойға жүйрік аса дарынды адамның сәулет өнерінде ізі ерекше.

Елдің ертеңін ойлау – бізге ал­дың­ғы буын ағаларымыздан аманат бо­лып қалған асыл қасиет. Кеңес өкіметінің темір тәртібі еліміздің ес жию кезеңіне мұрсат бермей тұрған заманында қазақтың тұңғыш кәсіби сәу­летшісі Төлеу Құлшыманұлы Бәсе­нов сол кездегі Одақ (КСРО) бо-

й­ын­­­ша Мәскеуде 1937 жылы Кремль сарай­ын­да сәулетшілердің І съезінде сөй­ле­ген сөзінде қазақтың өзіндік мәдени және сәулеттік мұралары жоқ дегенге қарсылық білдіре отырып, ондай пікірдің жаңсақ екенін, көптеген тарихи сәулет туындыларының бар еке­нін, оларды толығымен зерттеу керек екенін батыл айта білді. Со­нымен қатар, сәулет саласына қа­зақ сәулетшілерін тартып, жоғары бі­лім­ді сәулетшілерді даярлау талабын да жет­кізді.

Төлеу ағамыздың жолымен Сәу­лет­­шілер одағының төрағасы болып тұрған шағында Шөкең де сол Съездер сарайында сөз сөйлеген бола­тын. Шөкең ол кезде талантымен көп­ші­лік­ті мойындатып, респуб-

лика кө­лемінде жасап жатқан игі іс­­терімен көз­ге түсіп жүрген кезі. Көп­­теген ж­о­ба­­лардың авторы болып, біраз сәтті дү­ниелері өмірге кел­ді. Ол кезде Одақ бой­ынша өте­тін Сәулетшілер съезінде сөз сөй­ле­ген баяндамашыларды тың­дау, елі­міздің ерекше үмітіне, жаңа ар­ман­­дарымызға ұштасып айрықша бір се­зімге бөлейтін. Әр республика­дан кел­ген делегат сәулетшілер ше­тінен да­рынды, біразы әлемге белгілі бола бас­таған, атағынан ат үркетін әй­гілі та­ланттар еді. Шөкең солардан әсте кем түсіп көрген емес. Одақ бойын­ша сәулет өнерінің даму мәсе­ле­ле­рін көтеріп, жетістіктерін де, кем­ші­ліктерін де жеріне жеткізіп айта біл­ді, сонысымен ол әріптестерінің ара­сында үлкен беделге ие болды.

Өткен ғасырдың 70-жылдары қазақ сәулет өнерінің даму тари­хын­дағы «Серебряный век» болды деп айтуға болатын сияқты. Сол кезде салынған Алматы қаласындағы қазіргі Достық даңғылының бойындағы 2, 5, 9, 12 қа­батты ансамбльдер кешені, Респуб­ли­ка сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі сияқты ғимараттар бүгінге дейін сәулет өнерінің бірегей туындылары ре­тінде көпшіліктің назарын

аударып келеді. Әсіресе, халық арасында «Үш алып» атанып кеткен Жам­­­был­дың ескерткішінің сырт жағын­да орна­лас­қан тұрғын үй КОКП-ның Бас хат­шысы Леонид Ильич Бре­ж­н­ев­ке үл­кен әсер қалдырып, Одақ бой­ын­ша сол үй көптеген сәулетші маман­дарға үлгі ретінде танылды. Достық даңғылының сәулеттік үр­дісі еліміздің ірі қалалары мен облыс ор­та­лықтарында ансамбльдік ғи­ма­рат­тар, бульварлар мен скверлер құ­ры­лыстарының қарқынды жүруіне басты себепші болды.

Шота Ыдырысұлы қандай биік мінберлерде болсын сәулет өнері­нің, құрылыс ісінің мәселелерін уа­қытына сай көтере білді. Әсіресе, сәу­летшілердің Қазақстан үшін саны да, сапасы да арта түсуіне көп көңіл бөлді, өйткені, Алматыдан басқа, Өскеменде, Целиноградта жаңадан сәулетшілер даярлайтын факультеттер ашылып, қабылданатын студенттер саны жылдан-жылға арта түсті, алайда, бұл жаңалыққа қарсылық білдіргендер де болды – бір Қазақстанға осыншама көп сәулетшінің не керегі бар, оларды азайту керек деген пікір туындаған еді. Философияда айтылатын «Сан сапаға ауысады» деген тұжырымның осы орайда сәулет пен құрылыстың көркемдігі мен сапасына тікелей жауапты мамандардың санын арттыруда үйлесімді келіп тұрғанын дәлелдеген Шөкең ұлттық кадр-

лар дайындау мақсатын қойған Бәсеновтің ісін жалғастырды.

Малбағар Меңдіқұлов ағамыз сәулетшілік қызметін атқарып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысына шақырылып, майданның алғы ше­бінде болған. Соғыстан аман-есен қайтқаннан кейін сәулетшілік қыз­метіне қайтып келіп, көптеген құ­рылыс нысандарын жобалады. Сәу­лет өнерін дамытудың ғылыми не­гізін қа­лаушы болды.

Алматы сәулет өнерінің жұлдызы жарқыраған тұстарының бірі өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының бас кезінде Малбағар ағамыз қаланың бас сәу­лет­шісі еді. Шөкең сол кездерде Малбағар аға­мызд­ың орынбасары болып өз талабын да, талантын да таныта білді.

Міне, қазақ сәулет өнерінің осындай екі алып тұлғасынан алған тәрбие Шөкеңнің сәулет соқпағындағы дара жолын айқындап берген еді.

Шөкеңнің Шоқанға жақындығын, олардың Абылай ханның ұрпақтары екендігін қазақ қауымы біледі. Шөкең мұны үлкен жауапкершілік ретінде қабылдап, Шоқанның шы­ғар­­маларын оқып-түсінетін жас­қа жеткеннен-ақ, оның салмағын, ол арқылы өзіне түсе­тін салмақты сезіне бастады. Ол Шоқанды жеке иеленуден аулақ, бі­рақ он­ы ел ішіне, жас ұрпаққа көп­теп жеткізуді өзінің үл­кен парызы деп таниды. Өзі айт­пақшы:

Арнадан мың-сан байқасам,

Құйылып шабыт жатады.

Шота болып оянсам,

Шоқан боп күнім батады.

Шоқан туралы «Жас Шоқан», «Шоқанның ақ түні», «Сібірліктер» атты драмалық шығармалары осының айғағы. Шөкеңнің халық алдындағы, Шоқан алдындағы өз парызы туралы түсінігін Қадыр Мырза Әлі:

Ағайынның ашытқанда

миын дау,

Талай қазақ аруағыңа

сыйынды-ау!

Хақан болу оңай емес,

Әйтсе де,

Уәлиханов болу одан қиындау, – деген жолдары дәлелдей түседі.

Қазіргі Абылай хан даңғылы әуелі Сталин атын иемденіп, сосын коммунистер құрметіне өзгер­тіл­генін бүгінгі жастардың бірі білсе, бірі біл­мейді. Алматының бас көшесіне Абылай ханның атын бергенде халық болып қуандық, бұл еліміздегі ұлы өзгерістердің бастамасының бірі еді.

Шөкең Коммунистік даңғыл Абы­лай хан атымен атала баста­ған­нан-ақ: «Әбеке, осы көшенің бойымен жүргім келеді де тұрады. Сенің офисі­ңнің осы көшеде орналасқаны қандай жақсы болды! Келе жатып сондай рахаттанам, ғажап! Ертеректе кеңестер заманында атын атаудың өзі аса үлкен сақтықты қажет ететін еді, енді, міне, елге ие азаматтардың басын қосып, ұлан-ғайыр жеріміздің көгінде туымызды желбіреткен Абылай ханның аманат етіп кеткен азат­тығына жеткенімізді түсімде емес, өңім­де көргенім қандай бақыт! Сол бақыттың куәсі мен үшін осы Абылай хан даңғылы болады да тұрады», деп қатты толқып, қуа­ны­шын жасыра алмай жүрді.

Өзінің іргелі зерттеулерімен Шө­кең Ұлттық ғылым академиясының си­­рек қолжазбалар қорынан та­был­ған Абылай ханның хатын бас­пасөз бетіне жариялап, «Абылай ханның хаты табылды» деп алты Алашқа жар салды. Хат арабша жазылған болатын. Білікті мамандармен бірге көптеген ізденістер жүргізіп, мәтіндерді салысты­ра отырып, кирилл жазуымен жазып шықты. Көпшіліктің көзайымына айна­лған бұл хаттардың мәтіні «Ана тілі» газетінің екі нөмірінде жарық көрді. Бұл кезде өзінің толғанысын Шөкең осы мақалаларында жазды. Толғанатын жөні бар. Ресей де, Ке­ңес өкіметі де Шоқанға қарсы бол­ған жоқ, өйткені, оның орыс қо­ғамы үшін атқарған қызметтері аз емес болатын, ал Абылай туралы жазуға рұқсат болған жоқ. Сол за­­манның ызғары сынып, ызғар тоң­ның көбесі сөгіле бастағанда, Абы­лай­дың хаты табылып, Шөкең оны халқымыздың тарих беттеріне мәңгіге жазып қалдырды. Жа­сырақ болғанда, әрине, Абылай хан жө­ніндегі зерттеулері молырақ болар ма еді?! Дегенмен, осы деректердің өзі де

«...атамыз өткен Абылай» деп келешекте де толғанатын ұрпаққа бір серпіліс, тәрбие, сенім берді.

Алланың өзі сүйген құлына үйіп-төгіп берер талантын Шөкеңнің бойынан көруге болады: сәулетші, суретші, мүсінші, жазушы, ақын, зерттеуші, аудармашы. Шөкең – осы аталған өнер түрлерінің бәрінде жар­қын ізі бар зор дарын иесі. Оның «Ойлар, ойлар! Жанға маза бермейді» де­ген төрттағандық өлеңдер топтамасы мен шығыстың шайырлары Омар Һәйямнан, Румиден аударған рубаяттарынан, ноғай ақыны Бике Құлыншақтан аударған жыр шумақ­тары баспасөз беттерінде жа­рия­ла­нып жүр. Шота ағамыз 3 бір­дей шы­ғармашылық одақ­тың – Сәу­летшілер, Жазушылар және Сурет­шілер одақтарының мүшесі.

2014 жылы Шот-Аман Уәлиханов­тың 2 томдық шығармалар жинағы шықты. Ойы зерек, тілі жатық бұл кітап тағылым мен өнегеге тұнып тұр. Ав­тор бұл кітапты шығарудағы бас­­ты мақсатын ел тарихындағы ақи­қат айғақтар мен дәлелді дерек­тер­ді бү­гін­гі замандастары мен кейін­гі ұр­пақ­қа жеткізу деп білген сияқ­ты. «Өт­кеннен бізге жеткен әр­бір ұлы еңбек – бабаларымыздың маң­дай тері, ой-сезімі, талабы мен тала­нтынан туған асыл мұрасы. Оған ие болып, әрі байытып, келер ұрпақтардың игілігіне асыру – мұра­гер­лік борышымыз», дейді автор. Өт­кен­нің бүгінмен сабақтастығы ұр­пақтар жалғастығымен танылаты­нын айта келіп, автор Абылай хан, Шоқандардан бастап бүгінгі за­ман­ның серкелері – ел басшылары, қоғам жә­не өнер қайраткерлері туралы өзі­нің үзік сырларын толғаған.

Шота Уәлихановтың қазақтың сәулет, сурет, монументалдық өне­рі­не қосқан үлесі үлкен. Оның жоба­лары бойынша салынып, бүгінге дейін маңызы мен мәні жойылмай келе жатқан нысандардың ішінде «Универсам» дүкенін (1979), Қазақ­стан Компартиясы Орталық коми­те­тінің ғимаратын (1980, қазіргі Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты), «Казгипрозем» (1983, қазіргі Жер ка­дас­трының ғылыми-өндірістік ор­та­лығы), Фрунзе ауданындағы (қа­зір­гі Медеу ауданы) сауда орта­лы­ғын (1987) атауға болады.

Еңбектерінің ішінде өзі де ең жоғары бағалайтын жұмысы – Қа­зақ­стан Республикасының Мем­ле­кет­­тік Елтаңбасы. 1991 жылы пай­­да бол­­­ған идея қазақ халқы­ның тәу­ел­сіз­дігін бүкіл әлемге дәріп­тей­тін­дей си­патта жасалып, міне, ширек ға­сыр­дан аса уақыт мемлекет мәр­тебесін ас­қақтатып келеді.

Шөкеңнің монументалдық өнер­дегі өзіндік қайталанбас ізі бар. Қазақстан Рес­публикасы Тәу­ел­сіз­дігінің мон­у­ментін Шота Уәли­ха­нов шығарма­шы­­лы­ғының шы­ңы деп тануға болады. Тәу­елсіз­ді­гіміздің құрметіне салын­ған бұл туын­­ды егемендігіне ие бол­ған мем­ле­­кетіміздің өткеніне тағзым етіп, ке­ле­шегіне серпін беретін азат­ты­ғының белгісі ретінде жасалған. Тұ­ғыр­дың ұшар шыңында нық тұрған «Ал­тын адам» қазақ жеріндегі бей­бітшілік пен тәуелсіздікті бағып тұр­ғандай. Қазақ халқының өткен та­рихы мен болашаққа қойған асыл мақ­сатын көрсететін бұл туындының алыс-жақын елдерде теңдесі жоқ екені кәміл.

Семейдегі ядролық сынақ по­ли­гонының жабылуына арналып салынған «Өлімнен де күшті» монументі ел та­рихының қасіретті бір белесіне қой­ыл­ған құлпытас ретінде өмірге келді. Бұл ескерткіште «атом бұлтының» ас­тында баласын өз тәнімен жапқан ана­ның бейнесі арқылы өмір үшін күрес пен өмірге құштарлық бейнеленген. Халықтың басына төнген сол апат жылдардың көрінісін өзінің тұла бойынан, ой-санасынан өткізген автордың бұл шығармасы да көрген адамды толғандырмай қоймайды.

Осы еңбектері мемлекет тарапынан әр жылдары өз бағасын да алып келеді: Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығын (1970), Қазақстанның бей­нелеу өнеріне қосқан үлесі үшін «Тар­лан» сыйлығын (2001) иеленді.

Шөкеңді көпшілік құрметтеп, оның талантын мойындайды. От­ба­сы­ның берекесін сақтап, елдің сүй­іс­­пеншілігі мен ықыласына бөле­н­­ген тұлғаның өмірінде Зина жең­ге­­міздің орны ерекше. Ұлты­мыз­дың асыл тәрбиесімен сусындатып өсір­ген балалары, неме­ре­лері – Шот-Аман Уәлихановтай қа­зақ­тың абзал азаматының ұрпақтары хал­­­қы­мыз­дың игілігін арттырудағы игі іс­терді жалғастырушы болады деп се­немін. Дара дарын иесі Шот-Аман Уә­лихановтың шығармалары хал­қы­на қызмет ете бермек.

Әбдісағит ТӘТІҒҰЛОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі

Соңғы жаңалықтар