• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Адам игілігі – басты назарда

395 рет
көрсетілді

Тәу етер Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына қадам басқан тұста Елбасымыз кемелді кезеңнің қорытындысын шығара отырып, еліміздің жаңа басталған онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын айқындап берді. Биылғы Жолдаудың мұның алдындағы­лар­мен салыстырғанда айтарлықтай өзге­ше­лігі бар. Біріншіден, ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Мұнымен бірге, қо­ғамы­мыздың ең басты байлығы – адамның мақсат-мүддесіне, оның игілігіне құрылған. Ондағы үдемелі инновациялық индустрия­лан­дыруды дамыту, шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаң­ғырту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын өркендету, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жалақы, шәкіртақы мен жәрдемақыны өсіру мәселелерінің алға тартылуы, шынтуайттап келгенде, халқы­мыз­дың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Халық қалаулысы ретіндегі өз басымды да Президентіміздің биылғы Жолдауының жаңа әлеуметтік саясатқа құрылғандығы жігерлендіреді. Қалай десек те үдемелі инно­вациялық экономиканы қалыптастыруға адам­ның қуатты қолымен және күш-жігері­мен ғана қол жетеді. Сондықтан оның ертең­гі күнге сеніммен қарауы, әлеуметтік жағы­нан қорғалуы, рухани тұрғыдан бай болуы – басты ұстанымның бірі. Әлемдік қаржы дағдарысының қиындығын кейінге қалдыр­ған еліміздің жарқын болашағының асқара­лы міндеттері айқындалды. Айталық, биылғы Жолдауда мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қам­тылған балалардың үлесі 2020 жылға қарай 100 пайыз болады, ал 2015 жылға дейін кем дегенде 400 мектеп салынады. Ал денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығын 70 жасқа жеткізу, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғайту көзделген. Мұ­ны­мен бірге, 2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емханалар салынады. Ең­бекпен қамту, жұмыссыздықты жою, адам­ның қоғамдағы рөлін арттыру, кадр саясатын жетілдіре түсу жағы да назардан тыс қалмаған. Ауыл – халқымыздың алтын діңгегі болды, бола береді де. Аталған Жолдауда еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетуге де айрықша мән берілген. Ауыл шаруа­шы­лығындағы еңбектің өнімділігі 2011 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі. Мемлекеттің таяудағы жылдары мал шаруа­шылығын дамытуға 130 миллиард теңге несие ресурстарын бөлу есебінен ауылдық жер­лерде 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, 100 мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айнала­тындығы аталып көрсетілген. Президентіміздің Қазақстан халқына ар­налған «Болашақтың іргесін бірге қалай­мыз» атты Жолдауы, жоғарыда айтқаны­мыз­дай, барша халықтың, әрбір отбасы мен әрбір адамның әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған. Демек, оны жемісті іс жүзіне асыру үшін баршамыз атсалысуымыз қажет. Әсіресе, жергілікті өзін өзі басқару органын құрайтын депутаттар тобына жүктелетін міндет үлкен. Елбасымыз Парламент пала­та­ларының бірлескен мәжілісінде және «Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде мәс­лихаттар мен «Нұр Отан» партиясының жергілікті жерде тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндіктің мол екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ пәрменді түрдегі жергілкті өзін-өзі басқару органына айналуы және жергілікті жердегі мәселелерді шешудегі мәсли­хат­тың іс-қызметін жандандыра түсу қажет­тілігін айтты. Біздің ауданымыздың да депу­таттары өзінің халық қалаулысы өкілеттігін негізгі іс қызметінен қол үзбей жүріп атқа­рады. Депутаттар халықтың қалың орта­сын­да жүреді, еңбек ұжымының мүшесі болып табылады, сайлаушылармен жиі жолығады, тұрғындар жиыны мен жиналысына қаты­са­ды. Осы себепті халық қалаулылары әрбір сайлау округіндегі қалыптасқан жағдайды, қордаланған экономикалық және әлеуметтік жағдайды бір адамдай жетік біледі. Бұған қоса кейбір депутаттарымыз басшылық қыз­мет­тер атқарады, енді бірі кәсіпкер, қоғам­дық жұмысқа белсене қатысушылар. Олар осындай мүмкіндікті шебер пайдалана және атқарушы органдармен бірлесе отырып аза­маттардың тілектері мен өтініштерін орын­дауға ұмтылады. Жұмыла көтерген жүктің қашан да жеңіл болары белгілі ғой. Қаратал аудандық мәслихатында білікті басшылар жетекшілік ететін тұрақты депу­тат­тық комиссиялар жұмыс істейді. Күн тәртібіндегі кезекті мәселені қарау үшін комиссия мүшелері – депутаттар әрбір тоқсан сайын бас қосады. Ал оған дейін оның дайындығы жүргізіледі, қажетті материалдар жинақталады, жергілікті жерге, белгілі нысанға барып жағдаймен, ондағы құжат­тар­мен танысады. Бір сөзбен айтқанда, жауапкершілік танытады. Мәселен, бір ғана 2010 жылы тұрақты комиссияның мәжілі­сін­де аудан спортын дамыту, Елтай ауылдық округі аумағындағы шағын және орта бизнесті өркендету мәселесі қаралды. Аудан­дық аурухана бас дәрігерінің ана мен ба­ла­ны қорғау жөніндегі аудандық бағдар­ла­маның орындалу барысы турасындағы есебі тыңдалды. Әсіресе, комиссияның туберкулезге қарсы күрес жөніндегі шаралар және балаларды мектепке тасымалдау ісінің жай-күйі туралы мәселені қараған отырысы өте қызу әрі тартысты өтті. Бұл екі мәселені қа­рардың алдында депутаттар ауылдық округтерге барып, істің жай-жапсарымен жіті та­ныс­ты, біршама олқылықтардың бетін ашты. Аудандық мәслихаттың сессиясында аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-экономи­калық даму жоспарының орындалуы жайлы есе­бі және жекелеген бөлімдер мен құры­лым басшыларының хабарламасы тыңдалады. Президент Н.Назарбаев «Нұр Отан» ха­лық­тық-демократиялық партиясы Саяси ке­ңе­сінің 2008 жылғы 17 қаңтарда өткен кеңейтілген мәжілісінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары алдында жергілікті шынайы өзін-өзі басқару органына айналуы және жергілікті мәселелерді шеше білу үшін мәслихаттардың жұмысын жандандыру қа­жет деген мәселе қойған еді. Мәселен, ауда­ны­мызда сайланған 13 депутаттың барлығы да «Нұр Отан» партиясының мүшелері бо­лып табылады. Елбасымыз алға қойған міндеттерді бірлесіп шешу үшін аталған пар­тия­ның аудандық филиалымен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Мысалы, партияның аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Қ.Әміреновті тарта отырып, партиялық бақылау бекеттері құрылды. Депутаттары­мыз­дың көмегімен мемлекеттік бағдарлама­лар­дың жүзеге асуы барысына тұрақты ба­қылау орнатылды. Өзге әріптестерім сияқты мен де депу­тат­тық іс-қызметтің басты бағыты тұрғын­дар­мен арадағы байланысты нығайту деп білемін. Аудандық депутаттардың барлығы дер­лік азаматтарды жеке мәселесімен қа­был­­дайды, жиындарда сөз сөйлейді, сайлау­шылар алдында кестеге сай есеп береді. Олардың көпшілігі аудандық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері. Әдеттегідей сай­лаушылар бізге жиі келеді, көкейіндегі ой­ларын айтады, хат жазады, телефон шала­ды. Олардың көтеретін мәселесі де сан алуан. Жергілікті халық қалаулылары өздерінің сан-салалы іс-қызметінде Парламент Сена­ты мен Мәжілісінің депутаттары: Н.Сүлей­ме­нов, Н.Нұрманбетов, Ү.Медеуов, У.Қа­ли­жан, Д.Нөкетаевамен тығыз байланыс ор­натып, олардың да жанды жәрдеміне жүгі­не­ді. Түйін­дей айтқанда, біздер атқарушы органдармен бірлесе отырып, Елбасымыздың Жол­дауында көрсетілгендей тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты мәселелерді бірізділікпен шешуге белсене атсалысып келеміз. Қорыта айтқанда, миллиондаған қазақ­стан­дық өздерінің бүгінгі тағдыры мен ұр­па­ғының болашағын әлемдік деңгейдегі саяси көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырып отыр. Мұндай жоға­ры сенімнің елі сенген ерге ғана көрсеті­летіні белгілі. Мақсат РАҚЫМБАЕВ, Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы. Алматы облысы.