• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

«Денсаулық» пойызына ел риза

278 рет
көрсетілді

«Саламатты Қазақстан» бағ­дар­ла­масында дәрігерлік қызмет­тің сапасы мен халыққа қол­же­тімділігіне назар аударылды. Осы­ған орай алыс елді мекендерге көліктік медицина сапарға шықса, мамыр айынан бастап Жетісу жұртшылығына өз көмек­терін көрсетіп отыр. Алғашқы жұмысын Көксу ау­да­нындағы Мұқаншы ауылдық округінен бастаған «Денсаулық» пойы­зының дәрігерлері тұрғын­дар­ға денсаулықты сақтау мен қор­ғауға байланысты әңгіме өт­кі­зіп, тексерулерден өткізді. Ауыл хал­қы атал­ған пойызды ықылас­пен қарсы алып, ондағы емдеу лабо­рато­рия­лық-диа­гностикалық құрал-жаб­дық­тардың көмегін кеңінен пайдаланды. «Жыл таңдауы» халықаралық фестивалінің үздік әлеуметтік жо­ба­сы атанған пойыз Жамбыл ау­данының Шилібастау, Қазы­бек бек, Кербұлақ ауданының Са­ры­өзек бекеттерінің жұртшылығына нақты медициналық көмек көр­сетті. «Денсаулық» пойызы ма­мыр­дың соңғы күндеріне дейін темір жол бойындағы елді мекен тұр­ғындарына өз қызметтерін көр­се­ту­ді жалғастырмақшы. Жаңа үл­гідегі емдік-диагностикалық құ­рал­­дар­мен жабдықталған пойыз құра­мын­да кәсіби білікті 18 дәрі­гер қыз­мет етсе, бас дәрігер Мұрат Ес­кей­ұлы­ның басшылығымен бар жұмыс сапалы жалғасқанын айт­қан жөн. Ақ халаттылардың қа­рауы­нан өтіп, ем қабылдағандар ри­зашылығы шексіз, дейді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиа­лы­ның қызметкері Гүлнәр Тойлыбаева. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.