• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Ұйым дамуындағы маңызды кезең

316 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерін қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуге Қытай Халық Республикасының министрі Ян Цзечи, Қырғыз Республикасының министрі Руслан Қазақбаев, Ресей Федерациясының министрі Сергей Лавров, Тәжікстан Рес­пуб­ликасының министрі Хамрохон Зарифи, Өзбекстан Респуб­ликасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахтиер Исламов, ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Қауіпсіздік Кеңесінің хат­шысы Марат Тәжин, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­денті­нің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Ермекбаев және ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымы ат­қару­шы комитетінің (ӨАТҚ АК) директоры Женисбек Жуманбеков қатысты. Тараптар алда Астанада бо­ла­тын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық сам­митін өткізу мәселелерін тал­қы­лады. – Біз әріптестерімізбен бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың қабылдауында болғанымызға қуаныштымыз. Барлығымыз ал­да­ғы мерейтойлық саммит ШЫҰ дамуында маңызды кезең болып, ұйымымыздың ілгері басуында зор рөл атқарады деп есептейміз. Аталған саммитті өткізу үшін Қа­зақстан тарапынан ауқымды және табысты дайындық жұ­мыс­тары жүргізілді. Мен алдағы саммит қай жағынан алып қарағанда да біздің ортақ ұйымымыздың өміршеңдігі мен жарқын бола­шағын көрсетіп беретініне үлкен сенімдемін. Кездесу кезінде Нұр­сұлтан Назарбаев ШЫҰ аясын­дағы ынтымақтастықты қауіп­сіз­дік, экономика, гуманитар­лық салаларда күшейту қажет­тігін, мұ­ның ұйымды келесі онжылдықта дамытуда маңызды рөл атқара­тынын атап көрсетті. Барлық министрлер Президент­тің идеясы­мен келісті. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао ШЫҰ саммитіне қа­ты­сатын сәтті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақы­руы бой­ын­ша Қазақстанға өзінің мемлекеттік сапары уақытын үлкен қуанышпен күтуде, – деді журналистерге арналған брифингте ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи.