• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №379

358 рет
көрсетілді

2011 жылғы 6 сәуір №379 Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында: 4 және 7-тармақтардағы «науқастарды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздерден кейін «, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Қағидаға 1 -қосымшада: 2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-жолдармен толықтырылсын: « 18.     Ретиналды томограф 19.     Жиынтығында 12 мониторы бар орталық байқау станциясы 20.     Кардиохирургия мен нейрохирургияға арналған зерттеу опциясы бар компьютерлік томограф 21.     Сұйықтық цитология аппараты 22.     Аралас лазерлік қондырғы 23.     Портативті неонаталды монитор 24.     Қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар нәрестеге арналған монитор 25.     Электрокардиография және артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу жүйесі Тредмил жүйесі»; көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада: 2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарында: 9-бағанда: «Магнитті-резонансты» деген сөздерден кейін «және компьютерлік» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 11-жол «180 000» деген сандармен толықтырылсын; реттік нөмірі 11-жолдың 15-бағанындағы «689 247» деген сандар «869 247» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны» деген жолда: «727 817» деген сандар «907 817» деген сандармен ауыстырылсын; «16 982 005» деген сандар «17 162 005» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.