• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №387

375 рет
көрсетілді

2011 жылғы 7 сәуір               №387           Астана, Үкімет үйі Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 135-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі Кедендік баждарды төлеуді кейінге қал­дыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті және 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баж­дарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімде айқындалған негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі: 1. төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзге мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшесінің болған дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсеріл­мейтін күштің өзге мән-жайлары туралы жазбаша растауы; 2. төлеушіге кедендік бажды республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле шеңберінде орын­дал­ған жұмыс көлемі (көрсетілген қызмет­тер, жеткізілген тауарлар) үшін төлем кідіртілген кезде – республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлемді кідірту туралы республикалық бюджеттік бағ­дар­ламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы; 3. Кеден одағының кедендік аумағына тез бүлінетін тауарларды әкелген кезде – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тез бүлінетін тауарлардың тізбесі; 4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жү­зеге асыру кезінде – Қазақстан Республика­сының тиісті күшіне енген халықаралық шарт­тарының көшірмелері; 5. Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағының комиссиясы бекіткен, кедендік баж­дарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін, әкелінетін шетелдік әуе кемелерінің және оларға құрауыштардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар әкелінген кезде - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің әкелінетін шетелдік әуе кемелерін және оларға құрауыш­тарды авиарейстерге қызмет көрсеткен кезде ғана Қазақстан Республикасының авиакомпа­ниялары пайдаланылғандығы туралы жазбаша растауы; 6. Кеден одағының кедендік аумағына ауыл шаруашылығы қызметін не көрсетілген ұйымдар үшін отырғызатын немесе себетін материал­дарды, өсімдіктерді қорғау заттарын, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51, 8433 59 субпозициясының ауыл шаруа­шылығы техникасын жеткізуді жүзеге асыратын үйымдар мысықтарды, иттер мен сәндік құстарды қоспағанда, жануарларды азықтандыру үшін тауарларды әкелген кезде – мұндай тауар­ларды әкелетін немесе ол үшін мұндай тауар­ларды жеткізетін ұйымның ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттары; 7. тауарларды, оның ішінде шикізатты, мате­риалдарды, технологиялық жабдықты, оларды өнер­кәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құ­рауыштар мен оның қосалқы бөлшек­терін әкелген кезде: әкелінетін шикізаттың, материалдардың, техно­логиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін жеткізу туралы сыртқы сауда шарты (келісімшарт, келісім); әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, тех­нологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті); егер шикізат, материалдар, технологиялық жаб­дық, құрауыштар мен олардың қосалқы бөлшектері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жататын өндірістік қайта өңдеу үшін әкелінетін болса, әкелінетін тауарларды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі.