• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2011

Жаңа әкімдерге – жаңа міндет

596 рет
көрсетілді

Облыста бірқатар кадрлық ал­мастырулар орын алды. Осыған дейін Сарқан ауданы­ның әкімі бол­ған Әлібек Жақан­баев  облыс әкі­мі­нің өкімімен Ала­көл ауданы­ның әкімі қыз­меті­не кірісті. Бұған дейін об­лыс­тық туризм, дене шынық­тыру жә­не спорт басқар­масының бас­ты­ғы қызме­тін­дегі Тұ­рат­бек Ша­ра­пиев Сарқан ау­даны­ның әкімі бо­лып тағайындалды. Аталған аудандардағы мәс­ли­хат депутаттары мен актив жиы­нына облыс басшысы Ансар Мұ­са­ханов қатысып, жаңа тағайын­далған әкім­дерге Елбасының жол­дау­ла­рындағы тапсырмалар­ды мүлтіксіз орындау, шағын жә­не орта кәсіп­кер­лікті қол­дау, жаңа жұмыс орын­дарын ашу мен ауыл шаруашы­лығын да­мытып, егістіктен шығып қалған ал­қап­тарды қайта айна­лым­ға енгізу, туризмді дамыту, халық­тың әлеу­мет­тік жағ­дайын көтеру бағытын­дағы міндеттерді тапсырды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.