Әлеуметтік желілерде жолаушылар түсірген видео пайда болған. Маңғыстау-Семей бағытындағы №37 пойыздың жолаушылары вагондағы тарақандарға шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұрт дезинсекция жұмыстарының сапасыздығына шағымданып жатыр. «Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәлімдеуінше, шағымнан кейін пойыз соңғы станцияға келген бойда құрамға жоспардан тыс дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бұл вагонды жоспарлы өңдеу жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес биыл 30 мамырда жүргізілген. Нормативтер бойынша жолаушылар вагондарын дезинсекциялау айына кемінде бір рет, ал дератизациялау тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі», деді компания өкілдері.
Lada. kz мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша пойыз бастығы, өндірістік оқыту нұсқаушысы, «Батыс» филиалы Маңғыстау учаскесінің бастығы, сондай-ақ, «Батыс» филиалының директоры, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасары және бас инженері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Сонымен қатар, вагонды рейске шығар алдында қабылдауға және дайындауға жауапты болған рейсалды комиссиясының барлық мүшесі жазаланды.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Мән-жайды анықтау үшін «Батыс» филиалына «Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратынан арнайы комиссия жіберілді.
Пойыз дәретханасында болған келеңсіздіктен кейін жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды