• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №188

354 рет
көрсетілді

 2011 жылғы 14 сәуір            №188             Астана қаласы «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы  № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 135-1-бабының негізінде «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енуіне байланысты бұйырамын: 1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Қазақстан Респуб­ликасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6709 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (26403) және «Казахстанская правда» газеттерінде 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 2 (26423) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) аталған бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережелерінің (100.00 нысан): 1-тармақшасында: үшінші абзац алып тасталсын; төртінші абзац «Салық кодексінің 134-бабының» деген сөздерден кейін  «1-тармағының» деген сөздермен толықтырылсын; мына редакциядағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабының 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін білім берудің автономдық ұйымдарын;  Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін білім берудің автономдық ұйымдарын;»; 2) аталған бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесінде (130.00–нысан): 1-тармақ мына редакцияда жазылсын: «1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: акционерлік қоғамдарды, мекемелер мен пәтер (үй-жайлар) иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнен басқа, Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабының 1-тамағының тиісті шарттарына сай келетін комерциялық емес ұйымдар; Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабының 1-тамағының тиісті шарттарына сай келетін білім берудің автономдық ұйымдар жасайды.»; 3) аталған бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесінде (140.00-нысан): 1-тармақ мына редакцияда жазылсын: «1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар; Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және  Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін білім берудің автономдық ұйымдары жасайды.»; 4) аталған бұйрықпен бекітілген 100.00, 101.01, 101.02, 200.00, 210.00, 300.00, 851.00 нысандарының салық есептілігін жасау ережелерінің мәтіндеріндегі «ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар» деген сөдердің алдында «акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі          Б.ЖӘМІШЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6927 болып енгізілді.