1967 жылы 19 қарашада Алматы облысы Кеген селосында туылған. Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Алматы халық шаруашылығы институты (1991); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2003); экономист.
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі: • Экономика ғылымдарының кандидаты Еңбек өтілі: • Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі, Салық және сақтандыру органдарының қаржы-несиелік мекемелерін тексеру басқармасының бөлім бастығы (11.1991-08.1994); • Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау комитетінің Қаржы-несиелік органдарды тексеру және валюталық бақылау бөлімінің бастығы (08.1994-02.1996); • Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Басқарма бастығының орынбасары (02.1996-09.1998); • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Білім, ғылым, мәдениет ұйымдарын және басқару органдарын тексеру бөлімінің бастығы (10.1998-02.1999); • Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы (02.1999-04.2002); • Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы (04.2002-07.2003); • Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы (08.2003-05.2008); • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары (05.2008-04.2009) • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті нің Астана қаласы бойынша салық департаментінің басшысы (04.2009-07.2014) • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы (07.2014-05.2017)