• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2011

Құрмет грамотасын тапсырды

386 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Италияның Қазақстан Республи­ка­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Бруно Антонио Пас­куи­но­ға Құрмет грамотасын тапсырды. Б.А.Паскуино елімізде өз мис­сиясын аяқтады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Құрмет грамотасымен марапаттау қаулысына 30 мамырда Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Назарбаев қол қойды. Елімізде 4,5 жыл еңбек еткен италиялық дипломат Қазақстан-Ита­лия ынтымақтастығына, екі ел ара­сындағы достастықты нығай­ту­ға үлкен үлес қосқаны үшін жоғары марапатқа ие болды. Сол күні Қазақстан сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы 7-ші Бүкіләлемдік Ислам эконо­микалық форумына қатысуға  келген Ливан Парламентінің де­пу­таты, осы елдің бұрынғы Премьер-министрі Фуад Синьораны қабылдады. Тараптар мемлекет Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығында өтіп жат­қан «исламдық Давостың» ма­ңыз­дылығын атап, сонымен қа­тар, алдымыздағы Қазақстанның ИКҰ СІМК жайында пікір ал­мас­ты. Күн тәртібіндегі халық­ара­лық және аймақтық өзекті мәсе­лелерге орай ойларымен бөлісті. Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы ахуалға  байланысты Қазақстан Республикасының Сырт­қы істер министрі Қазақстан ИКҰ-ға төрағалығы тұсында араб елдерін тұрақтандыру және ха­лықаралық, аумақтық қауіп­сіздік жолында бар ынтасын салып әрекеттесетіндігін атап өтті.