• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2011

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер»

1124 рет
көрсетілді

Егемендіктің «байырғы» жинақтаушы  зейнетақы қорларының бірі және еліміздегі ең салымшысы көп қор – «Қазақстан Халық Банкінің» жинақтаушы зейнетақы қоры» болып табылады. Қазіргі таңда қор салымшылары 2 086 126-ға жетті. Ал елдің елеулі бөлігінің  салымдарын жинақтап отырған зейнетақы қорының әрекетін біліп отыруға баршамыз мүдделі болғандықтан, бірқатар сауалдарды «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ Алматы филиалының директоры Бауыржан ҚЫНАТБЕКОВКЕ қойған едік. – Бауыржан Жеңісбекұлы, бүгінде еңбек етіп жатқан халық­тың бір бөлігі өздерінің банктердегі жинақтарына сеніп отыр... – Бұл айтып отырғаныңыз дұ­рыс. Кейбір жандар табысы­ның бір бөлігін зейнетақы қор­ла­рына сал­май-ақ, сол 10 пайыз­ды банктерде ұс­тап, келешекте депозит түрін­де пай­да тапқан дұрыс деп есептейді. Бұл онша дұрыс емес. Өйткені, та­бы­­сыңыз­дың 10 пайызын сіз жи­нақ­таушы зейнетақы қорларына тұрақ­ты түрде құйып отырасыз да, оны тек зейнетақы жасына жеткенде ала бастайсыз. Ал депозитке салынған ақшаны кез келген уақытта алуға мүмкіндік болған­дық­тан, кез келген уақыт­та жара­тып тастайсыз. Оның үс­тіне ел табысының 100 пайызын  қолына алғанымен, әркім ақша­сы­ның 10 пайызын банктерге ай сайын тұрақты салып тұра ма? Бұл да үлкен сұрақ. Өйткені, біз­дің мем­лекетіміздің азамат­тары ақшаны тиімді жұмсауға, жинақтауға әдеттен­беген. Сон­дық­тан ең үлкен айырма­шылық та осында. Зейнетақы қор­лары­на жүйелі түрде жинақталған қа­ражат инвестицияланып, жұ­мыс істеп тұрады. Және жоға­рыда ай­тып отырғандай, ол соманы тек зей­нет­ақы жасында пайдалана бастайсыз. – Ал Халық Банкінің зей­не­т­ақы қоры алтынға инвестиция са­лып, тәжірибе жинақ­таған сау­сақ­пен са­нарлық қор­лардың бірі. Демек, бұл біздің салымдарымыз құ­нын жо­ғалт­­пайды дегенді білдіре ме? – Рас, алтын ешқашан құнын жо­ғалтпайтын активтердің сана­тында. 2011 жылғы 1 мамырға қорымыздың инвестициялық қор­жынының 4,67 пайызын алтын құрайды. Зейнетақы қорында акциялар мен облигациялар бар. Алтын сол акцияларға қарама қарсы жү­реді. Егер акциялар­дың құны тө­мен­дейтін болса, алтынның құны өсе береді. Ин­вестициялық қор­жын­­­ның осын­дай ерекшеліктері бар. Бұл бир­жалардағы құнды қағаз­дардың бағасына да байланысты. – Бұл жерде басты мәселе сенімділікте болып тұр ғой? – Иә. Алтын – тұрақты қар­жы құралдарының бірі. Акция­лардың нақ­ты құны тұрақсыз. Бірде арзан­дайды, бірде қымбат­тайды. Бүгінгі күнге тек алтын ғана нақты құнын жоғалтпайды. – «Қазақстан Халық Банкі жи­нақтаушы зейнетақы қоры» сенімді қаржылық құралдар­дан құрал­ған дегенді жиі насихаттап жүрміз. Осыған салым­шыларды сендіретіндей дәйек келтірсеңіз... – Ол үшін біздің ашық инвес­тициялық қоржынымызды зерт­теуіңіз керек. Бұл жерде эмитент­теріміздің рейтингтері толық көрсе­тілген. Олар­дың рейтингтері өте жоғары. Бұл эми­тенттердің сенімділігін көрсетеді. Зер салып қарасаңыз, бізде нашар активтер жоқ. Және осы ақпараттарды өз салымшыларымызға толық таратып отыруға тырысамыз. – Салымшылар, яғни біздің оқыр­мандарымыздың бәрі бірдей қаржылай сауатты емес. Жә­не олар зейнетақы жүйесі қа­лай жұмыс істейтінін терең біле бермейді. Сенімділікті түсі­нікті тілмен жеткізгенде қалай? – Сіздің айтып отырғаныңыз дұ­рыс. Қарапайым халық көпте­ген қар­жылық терминдерді түсі­не бермейді. Мен сізге инвес­тиция­лық қоржынды көрсетіп отыр­мын. Қарап отырсақ, қиын түгі жоқ. Бұрын оны Қаржы агенттігі (ҚҚА) қадағалай­тын, енді мұны­мен Ұлттық Банктің арнаулы комитеті айналысады. Егер сіз www.afn.kz сайтына кірсеңіз. Сол жерде де­фолт­қа ұшыраған эми­тенттерді көре­сіз. Олардың саны қазір 32 мекемеге дейін жетті. Бұрын қор осы компа­ния­лардың кейбіреуі­нің облигацияларын са­тып алған болатын, бірақ бүгінге Қор қоржы­нын­дағы осындай ин­вес­тициялардың үлесі өте төмен. – Алдағы уақытта салым­шы­лар­­дың қаражатын тағы қай са­ла­ларға салу көзделуде? – Болашақта да стратегия­мызды өзгертпейміз. Қаржы құ­ралдарымыз­ды да өзгертпей, со­лар­дың арқасын­да жағдайға бейімделіп, алға жыл­жып жұмыс істеп отыратын боламыз. Келешекте акциялар мен алтынды кө­бейте түсетін болармыз. Бәрі на­рық­тың талаптарына байла­нысты болмақ. – Дәл қазіргі таңда Қордың ин­вестициялық қоржынының ахуа­­лын қалай бағалауға бо­лады? – Бұл сұрағыңыздың жауабы жоғарыда айтылған болатын. Нақ­­тылай түскенде, инвес­ти­ция­­лық қоржынымыздың жағ­дайы жақсы деп айтуға болады. Егер салымшы­ларымыз келіп, эми­тент­терге қа­тыс­ты толық ақ­па­рат­тарды талап етсе, тү­сінік­теме­лер  беруге   даярмыз. – Қазақстанның зейнет­ақы жү­йесінде жұмыс істейтін зей­нет­ақы қорларының барлығы дерлік 13 жыл бойы өздерінің инвес­ти­циялық қор­жындарын ашуға әлі де дайын емес. Бұл істің мән-жай­ын қалай түсінуге бо­лады? Олар­дың инвестиция­лық қор­жын­­да­рын ашпауға құқылары бар ма? – Әр салымшының өз зей­нетақы қоры жөнінде толық ақ­па­рат алуға заңды құқы бар.  Осы кезде «Қа­зақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» өз қоржынын ашық көр­сетеді. Басқа қорларға қатысты айтсақ, басқа қор­ларды кінәлауға менің құқым жоқ. Бұндай сауал­дарды нақты сол қор­ларға қою керек. – Соңғы 13 жылда елі­міздің жинақтаушы зейнет­ақы  жүйе­сін­де пайда болған зейнетақы қор­лары бір бірімен қосылып, «жұ­ты­лып», бірігіп жатты. Қор­лар­дың қыз­меті тұрақта­лып бітті деп есептеуге бола ма? Әлде осы үде­рістердің жал­ғасуы мүмкін бе? – Қазіргі таңда БТА Банкінің зейнетақы қоры мен «Ұлар­Үміт» зейнетақы қоры бірікті. Одан бөлек Еуразиялық банктің зей­нет­ақы қо­ры мен «Аманат» зейнетақы қоры қо­сылып жатыр. Егер елімізде 13 зей­нет­ақы қоры болса, олар­дың саны 11-ге дейін төмендеді. Алдағы уа­қыт­та зей­нетақы қорла­ры бір бірімен тағы да қосылып кетуі әбден мүмкін. – Мәселен, жуырда «Қазақ­стан Халық Банкінің ЖЗҚ» жетекшілері еліміздің зейнетақы қорлары қор­жынындағы де­фолт­­­қа ұшыраған облигация­лар­ға қа­тысты түсінікте­мелер берді... – Осы мәселеге қайта оралсақ, 32 компания дефолтқа жол берді. Олардың ішінен тек төрт ком­па­нияның: «Астана финанс», «БТА», «Темір Банк» және «Альянс» қаржы құралдарын 123 млрд.теңгеге жуық сомада зейнетақы қорлары сатып алған. Біздің ин­вестициялық қор­жын­да осы эми­тенттердің бағалы қа­­ғаздарының үлесі өте аз. Өкінішке орай, біз зейнет­ақы қорларының инвестиция­лық қор­жын­­дарындағы қалған дефолт қа­ғаз­­дары бойынша со­маны білмейміз. Егер салымшы­ларға, олар дұ­рыс таңдау жасау үшін барлық зей­нетақы қорла­рының инвести­циялық қызметі туралы ашылған ақпарат алуға мүмкіндік берілетін болса, әді­летті болар еді. Әңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ.