• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2011

БҰҰ Бас хатшысының кандидатурасын қолдайды

310 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға жеделхат жолдап, онда Ас­тана­ның аталған әмбебап ұйымның одан әрі дамуын көрсететін тұжырымдамалы қадамдары туралы айта келіп, өзінің іс ба­сындағы Бас хатшының жаңа мерзімге өкілеттілігі канди­да­турасын қолдайтынын білдірді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Президент өзінің жедел­ха­тында БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұрудағы шешуші рөлін, дамуға, адам құқын сақтауға және халықаралық құқыққа құр­метіне  ықпалын, осы істерге БҰҰ Бас хатшысының қосып отырған сүбелі үлесін   атап өтті. Қазақстан Президентінің пікірінше, БҰҰ бүгінде жаһан­дық қатынастарды реттеудің ба­ламасыз құралы болып та­былады. Бұл Қазақстанның БҰҰ аясындағы халықаралық көкейкесті мәселелерді шешудегі күш-жігеріне белсенді қатысуын айқындайды. Осы­ған байланысты Н.Назарбаев Пан Ги Мунның БҰҰ-ның тиімділігін жоғарылатудағы, қа­зір­гі заманғы қауіптер мен қатерлерді реттеудегі күш-жігеріне табыс тіледі. Мемлекет басшысы сон­дай-ақ Қазақстан мен БҰҰ-ның көпқырлы ынтымақ­тас­ты­ғына жаңа сапалық серпін қосқан Пан Ги Мунның 2010 жылдың сәуіріндегі Қазақ­стан­ға «тарихи» сапарының қо­рытындыларын жоғары бағалады. Сіздің өз кандида­ту­ра­ңыз­ды БҰҰ Бас хатшысының жа­ңа мерзіміне ұсыну ниетіңізді үлкен қанағаттанарлық сезіммен қолдаймын, деп атап өт­кен Н.Назарбаев өз жедел­ха­ты­ның қорытындысында.