• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Отанды қорғау – әр азаматтың міндеті

13288 рет
көрсетілді

“Отан үшін отқа түс – күй­мейсің” деген екен Баукең, Бау­ыр­жан Момышұлы. Осы сөздің өзегіне бойласаң көп ақиқат ашы­лады. Отанды қорғау, ең алдымен, ер азаматтардың міндеті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универси­те­тінің әскери кафедрасы мото­атқыштар және РХБҚ мамандығы бойынша студенттерге білім беріп келеді. Тыңдаушыларға әскери офицерлер сапалы білім мен са­налы тәрбие беруде бүгінгі әскери қорғаныс саласындағы жақсы жетістіктерді тәжірибемен ұштасты­рып келеді. «Қазақстан Республи­касын қорғау – оның әрбір аза­матының қасиетті парызы мен мін­деті» – деп Ата Заңда көрсе­тілген осы бір мағыналы ұғымды өскелең ұрпақ жастайынан бойы­на сіңіріп өсуі керек. Тыңдау­шы­ларды әскери қызметке дайындап, өз Отаны – Қазақстан Республи­касы мен оның халқы алдындағы жауапкершілігін ұғындыру әскери ка­фед­ра пәнінің негізі болып та­былады. Патриотизм – өз еңбегін, күш жігерін туған жері мен Отанын көркейтуге жұмсау деген ұғымды білдіреді. Патриоттық сезімнің ны­саны Отан десек, оның негізі туған жер, ұлттық тіл, діл, дәстүр, олардың адамға жылылық беріп, ізгі ерлік істер қайнар көзіне ай­налуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болып табылатынын біз­дің әр тыңдаушы түсініп біледі. Әскери кафедрадағы екі ротада 6 взвод әскери жиынға қаты­сып, әскери білімдерін ұштасты­рып жатыр. Бөлімшелердің командирлері мен аға оқы­тушы пол­ковник А.Ибрагимов және полковник Г.Игнотенко әскери кафе­драдағы оқитын тыңдаушы­лар­ға өз білімдерін оқу барысында жә­не әскери жи­ындағы тәжірибелік сабақтарды оқытуда бар күш­терін салып келеді. Таяуда әскери жиының бірінші аптасында тыңдаушылар сал­та­натты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау “Даңқ” мемориалы алаңында өтті. Тәлімгерлердің ол жерді таңдаған себебі тыңдау­шы­ларды Отан алдындағы азаматтық борышы мен жауапкершілігін те­рең түсіндіруге негізделді. Жау­ын­гер­лердің азаматтық қасиетін шыңдау үшін тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыру, даңқ­ты жерлерді, тарихи қалаларды көрсету, әскери бөлім­шелердің тұр­мыс жағдайлары мен кездесулер өткізу керек. “Даңқ” мемо­риа­лы алаңында Ұлы Отан соғы­сына қатысқан 140 000 жауын­гердің есімдері тасқа қашалып жазылған. Әскери ант М.Әуезов атын­да­ғы Оңтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университетінің ректоры Уәлихан Бишімбаевтың, тәрбие жө­нін­дегі проректоры Тұр­лы­бек Ыс­қақовтың және әскери кафедра бастығы, полковник Сабыржан Ха­кимжановтың тікелей қаты­суы­мен өтті. Оқу жиынында күн тізбесіне сәйкес тактикалық дәрістер «Дарбаза» полигонында өтеді. Қазақ­стан биыл тәуелсіздігінің жиырма жылдығын лайықты атап өткелі отыр. Мемлекетіміз өз еркімен ешқан­дай елге соқтыққан емес, мақсаты – бейбітшілік. Бірақ, мық­ты мемлекет үшін мықты әс­кери база, қорғаныс қажет. Әрбір жауынгер қажет жағдайда қасиет­ті Отанын қорғауға қашанда дай­ын болуы керек. Біз осыны тын­даушыларға ұғындыруға тыры­са­­мыз. Бү­гінгі жастардың бодандық қамытын киген ұрпақтан өзгерек, патриот болып өсіп келе жатқан­дығы қуантады. Мұхамедәли ЕРЕЖЕПОВ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери жиыны бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, капитан. Шымкент.