• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №06-3/268, №78-ОД

377 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы  «19» мамыр 2011 жыл  №06-3/268 Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Астана қаласы    «31» наурыз 2011 жыл №78-ОД БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің  2005 жылғы 2 наурыздағы №165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру кезінде конкурстарды ұйымдастыру және өткі­зудің мәселелерін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қау­лысымен бекітілген Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жө­нiн­дегi сауда-саттықты (конкурстарды, аук­циондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiнің 64-тармағына сәйкес, бұйы­рамыз: 1. «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүр­гізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қа­зақстан Республикасының Ауыл шаруа­шы­лығы министрінің 2005 жылғы 2 нау­рыздағы №165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төр­ағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы №24-ө бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық), (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3518 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 152 (766) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: бірлескен бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде кон­курс­тарды ұйымдастыру және өткізудің ережесінде: 4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын: «4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақ­стан Республикасының және тиісті әкім­ші­лік-аумақтық бірліктің аумағында тара­ты­ла­тын мерзімді баспасөз басылымында жария­ланатын ақпарат хабарлама дай­ын­дайды.»; 10-тармақта: 4)-тармақша келесі редакцияда баян­дал­сын: «4) білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласындағы еңбек қызметі және жұ­мыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаяны;». 2. Қазақстан Республикасы Жер ре­сурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті осы Бірлескен бұйрықты заңнамада көрсе­тілген тәртіпте Қазақстан Республи­ка­сы­ның Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолда­сын. 3. Осы Бірлескен бұйрықтың орын­да­луын бақылау Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С.Хасеновқа және Қазақстан Республи­касы Жер ресурстарын басқару Агенттігі Төрағасының Орынбасары К.Ө. Райым­бе­ковке жүктелсін. 4. Осы Бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі ___________________А. МАМЫТБЕКОВ Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Төрағасы _____________________Ө. ӨЗІБЕКОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 10 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7002 болып енгізілді.