– Өнер атаулыда шекара болмайтыны секілді, әр елдің орталығы, яғни астанасында бас қосқан өнер адамдарында да шектеме болмайды. Кім өнерлі, талантты болса, сол адам әрдайым жұрттың көзайымына айналатыны сөзсіз. Астанаға келгеніме 3 күндей болып қалды. Байқап қарасам, мұнда жан-жақтан жиналған өнерпаздардан бөлек, елордалықтардың өздері ғажайып бір өнер мектебін тәмәмдаған түлектер болып көрінеді. Өйткені, еңбектеген жасынан еңкейген қартына дейін бәрі өлеңдетіп, ән айтып, билеп жүреді екен. Ән, би, думан дегенде біреуден біреу ұялып жатқан, қысылып жатқан жәйттерді көрмедім. Барлық адамдардың көңіл-күйлері тамаша екенін, өмірдің әрбір сәтіне ризашылықпен қарайтынын, бармын деп асқақтамайтын, жоқпын деп қысылмайтын, әйтеуір қандай жағдай болмасын әркім өзінің көңіл-күйлерін жасап жатқанын бірден байқадым. Осының бәрін олардың мемлекетке, елге, бейбітшілікке деген сенімдерінен аңғаруға болады.
– Астанаға менің бірінші келуім. Осыған дейінгі фестивальдерге басқа қалалардың цирк ұжымдары келген болатын. Алайда бірінші сапарым болса да, осыған дейін талай рет келіп жүргендей әсер етті маған. Қала ыстық, бауырмал болып көрінді. Қалалықтардың қонаққа деген пәк ниеттерін осыдан да байқауға болады. Біз көптеген елдерді аралап, ұлттық цирк өнерімізді талай елге көрсетіп жүрген өнер иелеріміз. Алайда, біз де қарапайым адамбыз. Жақсы қабақ танытқан, адал ниетті жандарды біз де іштей сеземіз. Сол сияқты Астанаға келгенімізде қазақ халқының дархан жүректі, кеңпейілді екендіктерін істері арқылы аңғару бір басқа да, адамдарды көргендегі берілетін энергиялардан аңғару бір басқа. Бәрінің жүздерінен тыныштықтың, береке-бірліктің, болашаққа деген сенімнің күшін байқауға болады. Астанаға жасаған бірінші сапарым өзіме сондай ұнады.
Хань ШОБИН, Қытай Халық Республикасы У Хан қаласы ұлттық цирк орталығының меңгерушісі.