• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2011

Түлектерге диплом тапсырылды

372 рет
көрсетілді

Еліміз әлемге аты белгілі «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы ар­қы­лы төрткүл дүниеге танымал десек те, осы уақытқа дейін ға­рыш сала­сы­ның сан қырын меңгерген отан­дық мамандарымыз санаулы-ақ бо­лып келгені өзімізге белгілі. Осы бір олқылықтың орнын тол­тыруды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қолға алған екен. Сөйтіп, 2009 жылы университетте «Ғарыш техникасы және технологиясы» кафедрасы мен фи­зика-техникалық факультеті құ­ры­лып, 2009 жылы факуль­тет­тің 10 (2010 жылы да сонша адам) түлегі Днепропетровск  ұлттық университетіне бір жылға оқуға жіберілген көрінеді. Сол игілікті іс жемісін беріп, аталған оқу орнында Украинаның Олесь Гончар атындағы Днепропетровск ұлттық университетімен бірігіп дайындалған ЕҰУ-дің 3 магистранты мен 2 бакалавр түлегіне диплом табысталды. Шараға Украинаның Днепропетровск ұлттық университетінің бір топ ғалым-оқытушылары қ­а­ты­сып, ғарыш мамандығының қыр-сырын тереңірек әңгімелеп берді. 2009 жылдың наурыз айында Олесь Гончар атындағы Днепропетровск ұлттық университетімен ғарыш саласында бірігіп маман даярлау туралы келісімге қол қой­ыл­ғаннан кейін Л.Н.Гумилев ат­ын­­дағы Еуразия ұлттық университеті өз қаржысымен Украинаның аталмыш оқу орнына студенттерін оқуға жібере бастады. Бүгінде аталмыш әріптестік байланыс өз жемісін беруде. Бітіруші түлектер арасынан ғарыш саласын терең меңгерген жас мамандар іріктеліп алынып, жұмысқа қабылданатын болса, осы жылдың қыркүйек айында 18 студент ғарыш саласы бойынша Днепропетровск ұлттық университетіне жолдама алып, білімін шыңдайтын болады. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Қазғарыш» басшысы Т.Мұса­ба­ев­тың қатысуымен ғарыш сала­сына қажетті «Темпус» бағдар­ла­масымен бекітілген ғарыштық аппараттарды жобалаушы зертхана жасақталып, маман даярлауға қатысты барлық жағдай жасалуда. Берік САДЫР.