• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2011

Вокзалдар Үкімет назарында

450 рет
көрсетілді

Астана елорда мәртебесін алғалы мұндағы әрбір қызмет саласы көпшіліктің ғана емес, республика басшыларының да қатаң қадағалауында. Әсіресе, стратегиялық нысандар болып табылатын вокзалдар мен әуежайлардағы қозғалыс қауіпсіздігі аса қырағылықты қажет етеді. Осыған орай Үкімет пәрменімен бұрын жеке меншікке арзан бағаға өтіп кеткен вокзалдар кері қайтарылуда. Оған 100 пайыздық мөлшердегі акциясы Үкіметтің қолындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-қа иелік ету жүктелді. Осылайша тозығы жетіп, шалғайдағылары мүлде аза бастаған стансаларды мемлекетке қайтаруға басшылық ету құзыры «Вокзал-қызмет» АҚ-қа берілген. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, респуб­ликамыздағы вокзалдар мен елорда бас қақпасының дайындығы жөнінде «Вокзал-қызмет» АҚ президенті Қуандық Мұстафинге жолығып, сұхбаттасқан едік. – Қуандық Сапарұлы, осыдан біршама уақыт бұрын вокзалдардың темір жолдың құзырынан профилді емес сала деп алы­нып тасталғаны белгілі. Енді неге қайта баланстарыңызға алып жатырсыздар? – Шынында да бұрын темір жол вокзал­дары «Теміржолмүлік» акционерлік қоғамы­ның және жергілікті атқару органдарының баланстарында болған. Өзіңіз атап өткендей, темір жол вокзалдары профильдік емес ме­кемелердің баланстарында болып, ғимарат­тар­дың жалпы жағдайларына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты және темір жол вокзалдарын тиісті түрге келтіру мақсатында Үкімет темір жол вокзалдарын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың балансына қайтару туралы шешім қабылдады. – Жасыратыны жоқ, кезінде өте арзан ба­ғаға өтіп кеткен вокзалдардың қаншасы қай­та­дан жөндеуден өткізіліп, қаншасы жаңадан салынады? Оған қаржыны кім бөліп отыр? – Темір жол вокзалдарын «Теміржол­мүлік» АҚ пен жергілікті атқару органдары­ның баланстарына тапсырарда, барлық ғи­мараттар жөндеуден өткізілген болатын, бірақ вокзалдар оларда болған кезеңдерде, талдау көрсеткендей, ағымдағы жөндеуден өткізіл­меген. Ал темір жол вокзалдары ғимарат­тары­ның сатылу мәселесіне келсек, «Темір­жол­мүлік» АҚ-тың 20 темір жол вокз­алын бөгде тұлғалардың меншікті пай­да­лануына сат­қандығын атап айтқан жөн. Қазіргі уақытта кіші стансаларда темір жол вокзалының 100 ғимаратының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, жоба­ны қаржыландыруды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз мойнына алып отыр. Ағымдағы жылдың 4 маусымында Жайнақ стансасы темір жол вокзалының бірінші ғимаратының ашылу салтанаты өткізілді. – Негізінен, қала қонақтары алдымен вокзалдағы сервистік қызмет түріне қарап, сол қаланың мәдениетіне баға береді. Осы тұрғыда «Вокзал-қызмет» АҚ қан­дай жұмыстар атқарып жатыр? – Темір жол вокзалы қай қаланың болмасын басты қақпасы болып есептеледі. Сондықтан акционерлік қоғам бұл бағытта оң нәтижелер көрсетуге ұмтылады. Мысалы, кластан тыс және 1, 2, 3 кластық вокзалдарда сервис үшін ақ­па­раттық табло, киоскілер бар, анықтама бюро­лары, билет кассалары, тамақ­тану пункт­тері, сауда орындары бар, валюта айырбастау пункт­тері жұмыс істейді. Соны­мен қатар кәсіп­о­рын қызмет көрсететін пер­со­налдың мәде­ниетіне және тәртіптік эти­касына ерекше көңіл бөледі, өйткені біз үшін жолаушының вокзалда көрсетілген сервиске қанағаттануы өте маңыз­д­ы болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс қоғамның ерекше бақылауында. – Республикамыздың көптеген вокзал­дарында міңгірлеген дикторлар қазақ­ша­ны бұзып сөйлеп, жолаушының ашу-ыза­сын келтіреді. Осыны техникалық жағы­нан мұқияттап, дикторларға байқау жа­рия­лауға болмай ма? – Вокзалдарда барлық дикторлар өз беттерімен жұмыс істеуге кіріспей тұрып машық­танады. Одан кейін әңгімелесуден өтеді және бұл жағдайда мемлекеттік тілді білу дең­гейіне және диктордың дикциясына ерекше назар ау­дарылады. Қатаң іріктеуден өткізі­леді. Сон­дай-ақ, дикторлармен бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі және мемлекеттік тілді үйренуіне ерекше көңіл бөлінеді. – Қала қонақтарының ішінде намаз оқитындары да болады. Вокзалдарда намазханалар бар ма? – Иә, ірі темір жол вокзалдарының бәрінде де «Намазхана» бөлмелері бар. –  Астанадағы жаңа вокзалдың құры­лы­сы қашан басталмақ? – Әзірше Астанадағы темір жол вок­залы­ның жаңа ғимаратының эскизі әзірленуде, тиісті жұмыстар орындалысымен, құрылыс мер­зімі белгіленеді. – Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығын қан­дай табыстармен қарсы алғалы отырсыздар? Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қар­саңында пайда­лануға Coll орталығын енгізу жоспарланып отыр, ал бұл жағдай өз та­рапынан Қа­зақстан азаматтарының темір жол вокзал­дары­ның анықтама бю­ро­ларымен қоңырау ша­лу арқы­лы тезірек хабарласуларына мүм­кіндік бе­реді және осы орталық­тың құ­рал-жабдықтары арқы­лы жо­лау­шылар SMS-тың, элек­трон­­ды поштаның кө­мегі­мен ақ­параттар ала ала­ды. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.